№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕКПЕ – ҚЫЗЫЛШАДАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛЫ

ЕКПЕ – ҚЫЗЫЛШАДАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛЫ

    Қызылша – ауа-тамшылары арқылы таралатын, жедел вирусты инфекциялар қатарына жатады.
    Қызылшаның өзі қауіпті болмағанымен, оның ауыр пневмония (өкпенің қабынуы) бронхопневмония ,бронхиттер, ми қабықшаның  қабынуылар адам өміріне қауіпті болып,өлімге әкелуі мүмкін. 
Жалпы қызылша балалар инфекциясы болғанымен, қазіргі таңда ауырып жатқандардың көбісі екпе алмағандар және үлкендер.
   Екпесі (вакцинасы) табылғанға дейін міндетті түрде  барлық бала ауыратын болған. 80-ші жылдарға дейін қызылшаға қарсы жаппай иммунизация жүргізгенше, дүние жүзінде 6 млн-ға жуық  бала қызылша ауруының асқынуынан қайтыс болған екен.Вирустың  өзі қоршаған ортада өте төзімсіз, 30-40 минуттың көлемінде өліп қалады, күн көзіне, кептіруге шыдамсыз, төменгі, ылғалды температурада  жақсы сақталады.
    Вирус таратушы тек ғана ауру адам.Ауру адамнан сау адамға қалай тарайды: Негізгі таралу жолы ауа тамшылары арқылы ғана,науқас жөтелгенде,түшкіргенде,әдеттегі сөйлесу кезінде жұғады, Дегенмен инфекцияның тағы бір таралу жолы анықталған- ол транспланцентарлы, яғни анадан балаға қан арқылы .Инфекцияның (аурудың) жасырын кезеңі 7-14 күн кейде 21 күнге дейін созылуы мүмкін.Дегенмен қызылша  инфекциясымен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болғандар 9-10 күн аралығында 90 %-да клиникалық белгілері пайда бола бастайды.
Аурудың негізгі белгілері: 38-40с–қа дейін дене қызуының көтерілуі, көздерінің қызарып, жарықтан қорқуы, коньюктивит белгілерінің пайда болуы,мұрыннан су ағу,қабағының ісінуі, ұйқының бұзылуы,құрғақ жөтелдің пайда болуы,бастың қатты ауруы, ауырғаннан кейін 3-8 күн аралығында дененің жоғары жағынан бастап (бетінен,құлағының артынан) бөртпелердің пайда болуы. Жоғары көрсетілген аурудың белгілерінің бірі пайда болысымен науқасқа дәрігер шақыртып, көрсету қажет.Мүмкіндігінше медициналық көмекті үйге шақырған жөн,себебі аурудың таралу жолы ауа-тамшылар арқылы болғандықтан, науқас,ауру таратушы ретінде адамның көп жиналатын жерлерде болмаған жөн,науқасты үй жағдайында оқшаулап,емделген дұрыс.
Сонда қарым-қатынастағылар мейлінше азайып,аурудың таралуының алдын алуға болады.Жалпы вирус, ауру адамнан бөртпе пайда болғанға дейін  2-3 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан  бастап 4-5 күндерге дейін бөлінеді, яғни ауру адам басқа адамдарға 8-9 күн қауіпті болып есептеледі.Ауырып айыққаннан кейін, адамда қызылша қарсы тұрақты иммунитет пайда болады.Қазіргі таңда ауырған науқастардың барлығы бұрын ауырмағандар,екпе алмағандардың қатарынан тіркелуде.
Аудан көлемінде 2019 жылды 17 қаңтарында бір науқас тіркеуге алынды,1985 жылы туылған азамат, екпе алған-алмағандығы туралы  мәлімет жоқ.Науқастың қызылша дерті зертханалық тәсілмен 22.01.2019 ж дәлелденді. Жалпы жаңа туылған нәрестелер  4 айлыққа дейін ана сүті арқылы қызылшаға қарсы дайын денелер(антитела)алады екен, дегенмен олардың әсері, бала 8-9 айлық болғанда, әлсірей бастайды. Сонымен қатар егу тізбесі бойынша бала 1 және 6 жасқа келгенде алатын қызылша екпесін алған балалардың өзінде, қызылшаға қарсы иммунитет 9-12 жылдан кейін әлсірейді. Осы кезде халық арасында қызылша инфекциясымен ауырған науқас пайда болған жағдайда, науқаспен қарым-қатынаста болғандар (бір ортада өмір сүреті,тығыз қарым-қатынаста болғандар) инфекция жұқтыру қаупі жоғарылайды.Егер науқаспен қарым-қатынаста болғандар бұрын бұл аурумен ауырмаса,қызылшаға қарсы екпе алмаса олардың ауырып қалу мүмкіндігі 100 % -ға жетеді.
Аурудың алдын алудың жалғыз жолы қызылшаға- қарсы екпе алу.
Сондықтан: Бірінші, жалпы халық аурудың жалпы белгілерін білгендері жөн және дер кезінде дәрігерге көрініп, ем алғандары дұрыс.
Екінші, жалпы 30-жасқа дейінгі адамдар, ата-аналар балаларының қызылшаға қарсы екпе алған-алмағандарын тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан медицина мекемелеріне келіп, анықтап,алмағандар және құжаты жоқтар тегін екпе алғандары жөн.
Сонда ғана халық арасында қызылша ауруын алдын алуға болады.
А.ОТАРБЕКОВ,
Дәрігер эпидемиолог.    
28 қаңтар 2019 ж. 1 989 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 06:23
Xenical Sans Ordonnance Xenical Prix Boite De Lioresal cheap cialis Priligy Mercury Drug Liquid Tadalis Sx Soft

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 13:40
Cheapest Levitra?Prices Zithromax Rapid Heart Rate precio levitra 20 mg farmacia Generic isotretinoin Amoxicillin Online No Prescription