№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КІЛТІ ҚАЙДА?

КІЛТІ ҚАЙДА?

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген COVID-19 коронавирус инфекциясының кілті әлі табылған жоқ. Дауасы қашан, қалай, қайда табылады? Ол жағы белгісіз. Бір анығы, жаһан тұрғындарының 340 408-і вирусты жұқтырып, оның 14 573-і қайтыс болды. Қытайда – 81 054, Италияда – 59 138 (бір тәулікте 5 560 адам вируспен тіркеліп, оның 651 өлді). АҚШ-та – 32 356 (бір тәулікте 8 149 адамнан вирус анықталды). Испанияда – 28 603, Германияда – 24 852 адамға жетті.
Сарапшылар өлім-жітім санының жиілігі әлемдік соғыстың деңгейіне жетті деп дабыл қағуда. Германияның канцлері Ангела Меркель: "Жағдай өте мүшкіл. Оған шындап мән беріңіздер. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін біздің елде мұндай үлкен сынақ болған емес", – деп індеттің залалын бағамдады.
Ал біздің ағайын әлі той тойлап жүр. Бірнеше күн бұрын бір туысымыз Құран оқытты, ауылдасым бет ашар жасады. Кеше құдалар жақта тұсау кесер жиыны өтті. Ағайын-туыс сонда жиналды. Ауылдың айтқыштары коронавирусты саясиландырып, биліктің кезекті ойыны деп бағалап отыр. Қазақстанда инфекцияны жұқтырғандар санын алға тартсақ та сенетін түрі жоқ. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қаласында вирусты жұқтырған адамдар анықталды. Бұл жерлерде инфрақұрылымы, медициналық шарт-жағдайы ауылдық жерлерге қарағанда көп ілгері. Ал біздегі ауруханалардың деңгейі белгілі. Ауданда вурис анықталса, онымен күресу жағдайы қалай болады екен, ә? Құдай сақтасын.
Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қаласынан келген студенттер кешкісін көшеде өріп жүр. Олардың ата-аналары шектеу қоя алмай ма? Бұл қалай болғаны?
Қадірлі ағайын, бір сәт осы жағын ойланайық. Сақтық шараларына мән берейік. Тек сақтанғанда ғана Алла сақтайды. Бұл індет адамзат санын қаншаға кемітетіні, әлем экономикасын қалай құлайтыны, оның залалы мен зардабы белгісіз. Анығы, озық елдердің экономикасын тұралатып, дамушы елдердің экономикасын шайқалтып жіберетін түрі бар.
Қысыл-таяң шақта бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге қайырымды болайық.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
23 наурыз 2020 ж. 745 0