№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Сақтансаң, сақтаймын!» қағидасын ұстану қажет!

«Сақтансаң, сақтаймын!» қағидасын ұстану қажет!

Қытайдан басталған коронавирус жылдам тарауда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 160 елдің 200 мыңнан аса адамы COVID-19 вирусын жұқтырып, оның 8 мыңнан астамы өлді. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында да вирусты жұқтырғандар анықталды. Осыған байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізілді.
Енді «Сақтансаң, сақтаймын!» қағидасын ұстанып, сақтық шараларын күшейту керек. Осыған байланысты Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шынар Айдаровадан білдік.

– Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу, үй-жайды күніне 2 рет желдетіп тұру маңызды. Қолды сабынмен жиі жуу, жеке ыдысты, жеке бас тазалығы құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалануыңыз керек. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі міндет. Көпшілік жиналатын орындарға баруды уақытша шектеу, әсіресе ойын-сауық кештері мен той және қазаға арналған асқа уақытша барудан тыйылғаныңыз жөн, – деді басқарма басшысының уақытшы міндетін атқарушы Шолпан Айдарова.
Аурудың белгілері қандай? Дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқа да тұмау белгілері байқалған тұрғындар міндетті түрде жедел-жәрдем шақыруы тиіс. Құрғақ жөтел пайда болса барынша қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз.
Жауапты маманның айтуынша, Президенттің Жарлығын көрсетілген басымдықтар бойынша аудандағы барлық мекемелерге, мектептерге хат жолданып, сақтық шараларын күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кафе-бар, мейрамхана жұмысы бақылауға алынды.
Ақпарат көздері арқалы індеттің емін іздеп, әлем әлекке түсіп жатқанын күнде көреміз. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі короновирустың таралуы қашан төмендейтінін хабарлады.
– Бүгін біз Еуропа елдерін көріп отырмыз, күн сайын бақылап отырамыз және тұрақтандыру 3–3,5 аптада жүреді. Карантиндік шаралар өз әсерін тигізеді. Сондықтан карантинді ертерек бастамау керек, бірақ кеш басталмау да маңызды. Сондықтан, біз екі қалада карантиндік шаралар уақытылы, тіпті мерзімінен бұрын енгізілді деп санаймыз. Сіздер білесіздер, Еуропада карантиндік шаралар өте кеш енгізілді. Бұл үшін сын көп айтылды, сәйкесінше аурудың таралуы анағұрлым үлкен болды, – деді елдің бас дәрігері.
Елге белгілі терапевт Бибісара Қалиева вирус 37 градустық температурада да өмір сүре беретінін жеткізді. 37 градустан төмен болса, ол өмір сақтау қабілеті төмендеп қалады дегенді Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин де растады. Қытайдан келген ақпараттар бойынша, вирус 2-4 сағат өмір сүреді.
Егер жеке бас гигиенасын сақтап отыратын болсаңыз, онда үрейленудің қажеті жоқ. Ең бастысы, адамға сенім керек. Қолғап киюдің қажеті жоқ. Бұл – артық шығындалу. Қолыңызды жақсылап жуып, антисептикалық препараттар қолданып жүрсеңіз болғаны. Егер аллергия болмаса, сабын ерітіндісімен мұрынды шайған да дұрыс. Танымал терапевттің айтпағы осы.
Сондықтан Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы сақтық шараларына байланысты жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіле беретінін жеткізді.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
21 наурыз 2020 ж. 1 361 0