№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Орман өрті – ойланатын мәселе

Орман өрті – ойланатын мәселе

Орман үшін басты жау – өрт. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу жұмыстары өртке қауіпті маусымнан бұрын, яғни ерте көктемнен басталады. Сондықтан өртті алдын алу шаралары жиі-жиі өткізіліп тұрады.
Жыл басынан бері орман қорында 114 шақырым минералдық жаңа жолақ жасалды. Оған қоса 228 шақырым минералдық жолақтарды күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Белгіленген жоспарға сәйкес орманды алқаптарына жаңадан 10 дана аншлагтар орнату, елді мекендердің тұрғындарына, шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық ұжымдарына өрттің шығуын болдырмауға қатысты 26 ескертпе қағазы, 520 үн парақшалар таратылу өз деңгейде жүргізілді.
Қазіргі таңда орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 өрт сөндіру бекеті, 2 бақылау мұнарасы, 8 өрт сөндіруші, 2 арнайы өрт сөндіру автокөлігі, өртті алдын кесуге арналған ауыр соқалы «1 ХТА-150» тракторы және 5 тонналық суға арналған автоцистерна «МТЗ-80» тракторы қызметке әзір. 5 тілді соқамен жабдықталған «ХТЗ-200» тракторы, 1 дана «МТЗ-80» тракторы роторлы орғышымен (косилка), 4 мотопомпа кез келген жағдайға сақадай дайын тұр.
Сонымен қатар, орман өрттерін алдын алу және болдырмау мақсатында, мекеменің өрт сөндіру бекетінде 1 қызметкер геопортал (аэросъемка) арқылы жүйелі түрде өртке бақылау жүргізіп отырады. Әдетте орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері орман қорына шектес дала өрттерін тіркеуге алып, керек болған жағдайда дала өртін сөндіруге қатысады.
Көбіне орман өртінің шығуына негізінен демалушылар жаққан оттың толық өшпеуі себеп болатыны анық. Аудан көлемінде көктемгі-күз дала жұмыстары барысында, егіс алқаптарының шөптерін тазарту мақсатында өртеу кезінде, өртті бақылаусыз қалдыруына байланысты дала өрттері орын алады.
Осыған байланысты диханшылықты кәсіп еткен шаруа қожалық иелеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, дала жұмыстары кезіндегі өрттерді бақылаусыз қалдырмау сұралады.
Мемлекеттің басты байлығы саналатын табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды сақтау адамзаттың қастерлі парызы саналады. Өйткені, келешек ұрпақтың ырыс-құтты, бақ-берекелі болуы бізден қалған байлыққа тікелей байланысты. Сондықтан да «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілге сүйеніп, табиғи қорларды көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Бакытжан ИСМАТОВ,
«Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі» КММ-нің орман қорғау,
күзету жөніндегі патолог инженері

15 наурыз 2020 ж. 800 0