Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Туған өлке табиғатына қамқорлық қажет

Туған өлке табиғатына қамқорлық қажет

 Жақында ғана Сыр өңірінің  орман шаруашылығының құрылғанына 85 жыл толуын сала қызметкерлері табысты қарсы алды. «Орманы бардың қорғаны бар» дегендей, ауданның орман шаруашылығы күнделікті жұмыс барысында табиғатты қорғау, қорды күзетумен қатар, оны молайтып, өсіру игілігіндегімен айналысады. Жалпы Қызылорда облысының орманшылары 6 млн гектар мемлекеттік орман қорын қорғаса, оның ішінде, Жаңақорған ауданы 791 557 гектар аумаққа жауапты. Ендігі кезекте, кәсіби мереке барысында тоғыз айда атқарылған толымды істерді тарқата айтсам.

  Біріншіден, орман көлемін арттыруға байланысты орман қоры жеріне жоспар бойынша 100 гектарға 36,000 дана сексеуіл ағаш көшетін отырғызу жұмысы жүргізілді. «Ордакент» уақытша тұқымбағын да 17 га жерінің саялы және жеміс ағаштарына күтім жасалып, 3,0 га алма ағашы жері дайындалып, 624 дана алма ағашының көшеті отырғызылды. Қазіргі таңға тұқымбақ бөлімінде 265,15 мың дана ағаш көшеті бар.
Екіншіден, Орман күзету және қорғау бойынша аудан көлемінде орман қоры жерінде орман өрттерінің аса қауіпті кезеңінде өртке қарсы іс-шаралары бекітіліп, өртке қарсы ерікті топ жасақтары жасақталған. Ауылдық округтер мен елді мекендерге орман өрттерінің алдын алу мақсатында ескерту хаттар және  520 дана үгіт-насихат қағаздары таратылды. Мекемеде штат кестесіне сәйкес 8 өрт сөндіруші қызмет атқарады. Оған қоса, 548,2 мың га жерге патологиялық зерттеу және 80 дана шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы 1 жағдай орман өрті тіркелген, көл ұлтанындағы қоға, қамыс шөптесін өсімдіктері өртеніп,  жалпы аумағы 2,0 га құраған.
Үшіншіден, орманды қорғау, сақтау жұмыстары бойынша мекемеде 33 орман күтушісі және 8 орман шебері қызмет атқарады. Олардың еңбегі ерен. Қашанда табиғаттың тосын мінезіне қарамай, күн ұзаққа дала аумағында еңбектенеді. Биыл 9 айда 40  рейд ұйымдастырылып, 25 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, орман заңдылығын бұзудан 19 жағдай тіркелді. Заң бұзғандарға айыппұл төлетіп, шығын толығымен өндірілді.
Төртіншіден, аудан бойынша көлдер жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмысқа тоқталсақ. Жалпы ауданда 26 көл бар. Оның ішінде, табиғат пайдаланушыларға берілген 22 көл және иесі жоқ 4 көл бар. Қазіргі таңда 5 табиғат пайдаланушы 26 000 кг балық аулау квотасы алынып, бүгінге дейін   3400 келі балық ауланды. Сондай-ақ жылдағы дәстүрге сай, күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарының қырылу қаупін болдырмау мақсатында және Қызылорда облысы әкімдігінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспары бойынша құтқару жұмысы жасалынады. Бұл біздің ауданда да жүйелі жолға қойылған.
Мәселен, нақты атап айтар болсақ. З.Мұсаханов каналынан Қойлақы-Ата көліне – 7000, Қалғандария-2 көліне – 3000, З.Мұсаханов каналынан Сырдария өзеніне – 20 000, Өзгент көліне – 17400, Қожакент көліне – 16 000 дана торта, сазан, жыланбас, бабан, көксерке, мөңке, қылышбалық шабақтары құтқарылып, салынды.
Қорыта айтқанда, мекеме бойынша 2019 жылға орман көлемін арттыруға байланысты  орман қоры жеріне  жоспар бойынша 5650 кг сексеуіл тұқымын жинау, 1100 га жерге тұқым себу, 400 га жерге орманды табиғи жолмен жәрдемдесуге ықпал ету шараларын жүзеге асыру жоспарда. Сондай-ақ Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, 2019 жылға бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскілерінде өсіп тұрған сүректі босату көлемін игеру, биотехникалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізу, мекемеге ақылы қызметтерінен  түсетін қаражат көздерін қарастыруды көздеп отырмыз.
Негізі қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мен табиғат байлығын тиімді пайдалану күрделі мәселе екені айқын. Біздің бар дәулетіміз де, болашағымыз – туған өлкенің табиғаты. Ал, сол байлықты қорғап, қорын молайту бағытында қыруар қызмет етіп келе жатқан орман шаруашылығына 85 жыл толып отыр.

Бақытжан АБДУСАМЕТОВ
27 қазан 2019 ж. 892 0