№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ажырасушылық артып отыр

Ажырасушылық артып отыр

Бүгінде қоғамның ең өзекті мәселесіне айналып отырған ажырасу мәселесі ерлі-зайыптылар үшін өте ауыр процесс, ортада балалары бар болса, одан да ауыр. Әсіресе жеке тұлғалар құқының қорғалуында құжаттандыру талабы өзекті. Осы орайда тұрғындарға заңдық сауаттылық қажет-ақ. Әйтсе де кейбіреуге ажырасуға арыз жазудың өзі қиын. Алимент алуға арызды қалай ресімдеу керек, мүлікті қалай дұрыс бөлу қажет және егер жұптардың ажырасқанын қаламайтын туыстары процесстің бастамашыларынан сотқа шақыртуды жасырса не істеу керек? Осы сұрақтарға Жаңақорған аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы Алма Оразбаева жауап берді.

Қазір жастардың неке бұзуы тым көбейген. Жаңақорған ауданы бойынша 116 ажырасқан екен. Енді сот бойынша қалай рәсімделу керек, соны анықтайық. Мәселен, қос тараптың бірі ауылда, екіншісі қалада тұрса, онда олар қандай құжат дайындауы тиіс?
Некені бұзу «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексімен реттеледі. Ерлі-зайыптылардың анасымен бірге тұратын кәмелетке толмаған ортақ балалары бар болса, некені бұзу туралы талап арызды ол өзінің мекен-жайы бойынша аудандық сотқа бере алады. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІК) 32-бабының 7-тармағына сәйкес, некенi бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жері бойынша қойылуы мүмкiн. ҚР АІК-нің 174-бабының 1-тармағына сәйкес, мұндай азаматтық iстер iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған сәттен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралып, шешiледi. Бірақ егер жұбайы бұзуға келісім бермесе, іс жарты жылға дейінгі мерзімге созылуы мүмкін.
– Ажырасу мен алимент арызы бірге жазыла ма?
– Некені бұзу туралы талап арыз АІК-нің 150-бабының талаптарына сай келуі тиіс. Соған сәйкес, талап арыз сотқа жазбаша нысанда немесе электронды түрде берiледi. Талап арызда арыз берiлетiн соттың атауы, талап қоюшы туралы мәліметтер, егер арызды оның өкiлi берсе, өкiлдiң және жауапкердiң бүкіл мәліметтері, талап қоюшының құқықтарын, талап қоюшының құжаттарын растайын дәлелдемелер, жалпы арызға қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс.
Ал алиментті өндіру туралы арыз тараптардың шақыртуынсыз үш жұмыс күн ішінде сот бұйрығы шығарылып, оның көшірмелері тараптарға жіберіледі. Егер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде борышкер сотқа қарсылығын жазбаса жібере алады. Сот бұйрығына жазбаша қарсылық түскен жағдайда, ол сот ұйғарымымен күшін жойып, оның көшірмелері екі тарапқа жіберіледі. Бұл жағдайда әйелінің бала кәмелетке толғанша кез келген уақытта талап арыз беруге толық мүмкіндігі болады, – деді бас маман.
Әдетте сотта осы екі талапты жеке ұсынады. Бірақ егер сіз өз құқығыңыз туралы білмесеңіз немесе алиментке беру керек пе деп ойлансаңыз, сот заң талаптарына сәйкес сот отырысында бәрібір осы мәселені анықтайтын болады. Бұл мүлікті бөлісу мәселесіне де қатысты. Осындайда некеде болған кезде алынған пәтер қалай бөлінеді?
– Өкінішке орай, ең қиын шешілетін нәрсе – ерлі-зайыптылардың мүлкін бөлу туралы даулар. Егер пәтер қалада болса, сот екінші талап арызды жеке өндіріске, яғни жеке азаматтық іске бөлуге және қалалық сот қарауына жіберуге құқылы. Өйткені АІК-нің 32-бабына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы талап арыздар ерекше соттылыққа жатады және осы жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша қаралуы тиіс, – деді ол.
Кодекстің 33-бабында ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезінде жинаған мүлiк егер Кодекстің 39-бабында басқа режим – неке шарты жасалмаған болса, оның кімнің атына тіркелгендігіне немесе ерлі-зайыптылардың қайсысы ақша салғанына қарамастан, олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады екен. Талап арызда бөлуге тиесілі бүкіл мүлікті көрсету керек. Мүліктің өзіндік құнынан өз үлесінің 1 проценті мөлшерінде мүлік құнын төлеу қажет. Яғни, егер сіз мүлікті тең бөлісуді сұрасаңыз, онда мүлік құнының 1 процентін төлейсіз. Егер жауапкер сіз бағалатқан мүлік құнының бағасымен келіспейтін болса, сот тиісті сараптама тағайындай алады. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың ортақ қарыздары (Кодекстің 38-бабының 3-тармағы) да ескеріледі.
Сот процесінде мынадай жағдайлар да орын алады. Кейде ерлі зайыптылардың ажырасуына қарсы болған ата-аналар соттан келген қағазды келініне бермейді. Ал сот отырысқа келмегендіктен істі қараудан бас тартады. Шақыру қағазының өзіндік табысталу тәртібі бар.
– Бұл жағдайда талап арыз берушінің сотқа қайта келмеуіне байланысты сот істі қараудан бас тартқан емес, тек арызды қараусыз қалдырады. (АІК 249-бабының 7-тармағы). Мұнда талап арызды қалдырудың жалпы тәртіппен қайтадан сотқа жүгінуге кедергі болмайтындығын білген жөн. Сот хабарлаулары мен шақыруларын жеткізу мен табыстау тәртібі АІК-нің 11-тарауымен реттеледі: Егер сотқа хабарланған мекен-жайда азамат iс жүзiнде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жолдануы мүмкiн. Сотқа талап арыз берген кез келген адам істің не болып жатқанын біліп, өзі қоңырау шалып немесе сотқа шақыру қағазына келуі тиіс, – деді хатшы.
Жалпы алғанда аудан сотында жол тәртібін бұзғандардан кейін ажырасу мәселесінің әлегі көбірек талқыланатын жағдай. Бұл қоғам үшін өте ауыр жағдай. Ардан аттап, ажырасып, алимент өндіріп, мүлікті бөліскендерге медиация заңы енгізілді. Яғни шаттыққа кенелген шаңырақты шайқалтпауға бұл үлкен күш деуге болады. Алдымен осыған жүгініп көрсек қалай болады?

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
04 наурыз 2020 ж. 677 0