Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Татуласу – кодекс талабына қайшы келмейді

Татуласу – кодекс талабына қайшы келмейді

   Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте келісім жасасу кезінде тараптарды медиация тәртібімен татуластыру рәсімі қарастырылмаған.
Алайда іс жүзінде «Медиация туралы» заң нормаларын қолдану әкімшілік сот ісін жүргізуде ӘҚБтК-нің қағидаттарына қайшы келмейді және процеске қатысушы тараптардың құқықтарын бұзбайды.
   «Медиация туралы» заңның  1- бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жан-жалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
   Мәселен, кодекстің 73 – бабындағы ескертпеге сәйкес, отбасы – тұрмыстық, қатынастар деп ерлі – зайыптылар, бұрынғы ерлі – зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсініледі. Яғни, отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын отбасылық – тұрмыстық қатынастар жоғарыда көрсетілген әкімшілік істер бойынша медиацияны қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Көбінесе, отбасылы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың құрбанына әйелдер, яғни, құқық бұзушылардың әйелдері немесе азаматтық жұбайларының айналатыны жасырын емес.
     ӘҚБтК – нің 64 – бабының нормаларына сәйкес, ӘҚБтК – нің 73 – бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен татуласуына байланысты қысқартылуға жатады. Өзара татуласу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады; медиация қолданылған жағдайларда дауды шешу туралы келісім қажет.
    Жаңақорған аудандық  сотында ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін  жоғарыда аталған кодексінің 73- бабы бойынша қаралған істердің 10 - ы отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады, сол бап бойынша 36 тұлғаға қатысты ӘҚБтК – нің 64- бабы негізінде құқық бұзушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалуына байланысты істер тоқтатылды.
   ӘҚБтК- нің 73- 1 бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) алты іс қаралды, оның жетеуі медиация тәртібімен қысқартылды.

Б.Налибаева,
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.                              
22 ақпан 2019 ж. 848 0