№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қорғансыз қоғамнан пана таба ала ма?

Қорғансыз қоғамнан пана таба ала ма?

Тұрмыста кездесетін түрлі зорлық-зомбылықтан жеткіншектің құқығы бұзылып қана қоймай, психологиялық ауытқуға ұшырап, түрлі деңгейдегі құқық бұзушылыққа бейім болып қалыптасарына көптеген мысалдар дәлел. Елімізде оның алдын алуда жұмыс күшейтілгенімен тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері азаймай отыр.
Оның құрбандарына қорғансыз әйелдер, балалар, егде тартқан қарттардың айналып отырғаны жанды ауыртады. Өйткені олар туысымыз, көршіміз, әріптесіміз де болуы мүмкін. Қоғамда оны қалай ажыратуға болады деген сауал туындайды. Мұндай отбасы балаларының мінезінде тез ашуланғыштық, сабаққа деген ынтаның жоғалуы, өз қатарластарымен жиі керісіп қалу, тіпті оның алдын алмаса өз-өзіне қол жұмсауға дейін баратын жағдайлар да кездеседі.  Сондықтан да қазіргі таңда мектептерде әлеуметтік педагог-психологтар жұмысы жолға қойылған.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ауданға бүгінгі сапары осы тақырыпты зерделеуге бағытталды. Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға барлық мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері және әлеуметтік психологтар қатысты. Аудан орталығындағы №163 мектеп базасында өткен жиынға денсаулық мамандары және мектеп инспекторлары қатысуымен отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандарын анықтау және олардың қоғамда өз орны бар екенін ұғындырып, қолдау көрсету мақсатындағы «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Бектайұлы, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының меңгерушісі Жанар Алтынбасова отбасындағы зорлық зомбылықтың түрлері мен сипаттары, зорлық-зомбылық құрбандарын анықтау тақырыптарында және дағдарыс орталығының қызметі бойынша хабарламалар жасады. Жаңарық ауылдық округіндегі №167 мектептің педагог-психологы Ардақ Камакова өз баяндамасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бала психикасына әсерін сөз етті.
– «Қамқорлық» дағдарыс орта­лығы 2017 жылдың маусым айынан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрін, яғни медициналық, құқықтық, психологиялық, педаго­гикалық, әлеуметтік-еңбек, мәдени және экономикалық қызметтерді көрсетеді. Мұның барлығы тегін. Қызмет алу барысында орталықты паналаған жандардың 7 жасқа дейінгі балалары балабақшаға, ал мектеп жасындағылар жақын жердегі білім беру орталықтарына орналастырылады, - дейді қоғамдық қор басшысы Жандос Тұсмағанбетов.
Мамандардың айтуынша орталықтан 3 жылда 500-ден астам жәбірленуші қызмет алған. 2017 жылы 94 адам (37 әйел, 57 бала). 2018 жылы 210 адам (75 әйел, 2 ер, 133 бала) орталықты паналаса, 2019 жылы бұл статистика 218 адамға (74 әйел болса қалған 144 балалар)өскен.
Осы орталық меңгерушісі Жанар Жағыпарқызы өз сөзінде: «Жанжалдасқан тараптардың бітімге келуіне жан-жақты шаралар жасалынып, нәтижесінде келушілердің 80-90 пайызы өз шаңырақтарына оралуда. Әрі қарай да олармен күйзелістен шығу бағытындағы жұмыстар жүргізіле береді», – дейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккенге қамқорлықтар аясы осындай. Бірақ бұдан қоғам оңалмайды. Жасынан зорлық көріп өскен бала ертеңгі күні сол жазаланумен өткен күндерінің есесін ыза мен кекке жалғамасына кім кепіл? Сондықтан жағымсыз әдеттен арылу үшін қоғам болып күресуіміз керек.
Майра ӘБДУӘЛІ
23 ақпан 2020 ж. 803 0