Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол белгілері талаптағыдай ма?

Жол белгілері талаптағыдай ма?


Осыдан бірнеше жыл бұрын жол-көлік оқиғасы орын алса үрейленіп қалатын едік. Ал қазір ше? Апта сайын, тіпті күнара орын алатын болғандықтан көзіміз әбден үйренді. Мәселен, былтыр Қазақстанда жол апаты күрт артты. Оған себеп көп. Басым көпшілігі – елге тыстан әкелінген көліктердің салдарынан орын алуда. Өйткені құқық қорғаушылардың елде тіркелмеген көлік иелеріне шектеу қоюға заңдық қауқары жоқ. Оған жол белгілері талапқа сай келмеуі мен автотұрақтар мәселесінің шешілмегенін қосыңыз. Қысқасы, көлік көбейгенімен көшелер мен белігілер талапқа сай келмеуде.


Алдымен әңгімені жол белгілерінен бастасақ. Айта кету керек, қазір жол белгілеріне, тіпті бағдаршамның тәртібіне бағынбайтын жүргізушілер көп. Әсіресе Хорасан ата көшесінен полиция бөліміне барар жолдағы бағдаршам тұсында көлік апаты жиі орын алады.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қауіпті аймақтарға жылдамдықты тежегіш жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуды қамтамасыз ету мақсатында атқарған жұмыс бар. Мәселен, өткен жылы жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп жол белгілері және жағдайына байланысты 103 рет қарап-тексеру актілерін жасап, анықталған кемшіліктер жойылған екен. Яғни облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және кентішілік көшелердегі 200 дана жол белгілері жаңартылып, 400-ге жуық жол белгілері қайта қалпына келтірілді. Кент орталығындағы Тәуелсіздік, Хорасан ата және Амангелді көшелерінің жол үсті таңбалары жаңартылып, кенттің барлық көшелерінде жаяу жүргінші жолақтары сызылды. Сонымен қатар, кент әкімі аппараты теңгеріміндегі 28 дана бейнебақылау қондырғысы қалпына келтіріліп, көше қозғалысын бақылайтын камералар аудандық полиция бөліміне берілді. Алайда кент әкімдігі тозығы жеткен белгілер көп екенін жасырмады. Әсіресе Саяжай, МАИ бекеті аумағына мән беру керек.
Енді көлік тұрақтарының жай-күйін бағамдайық. Шыны керек, Қазпошта, орталық базар, аудандық емхана және т.б жерде көліктің көптігінің салдарынан кептеліс, тіпті жол-көлік оқиғалары орын алады. Рұқсат етілмеген жерлерге темір тұлпарларын қойып кетуді әдетке айналдырған жүргізуші көп. Әрине жүргізушілерге кінә арта беруге болмас. Өйткені көлік тұрағы жетіспейді. Кент әкімдігінің айтуынша, аурухана, емхана, орталық алаң маңы, «Нұр» базары мен «Нұрасыл» сауда үйінің айналасына тұрақ салу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірге Жаңақорған кентінде жеті көлік тұрағы бар. Ал көлік қозғалысы көп Хорасан ата, Аманкелді көшесіндегі кәсіпкерлік нысандарға көлік тұрағы ауадай қажет. Себебі жолдың бойында тұрған көліктер жол қозғалысына кедергі жасап, жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп болуда.
Әсіресе мейрамханалар мен кафе алдында көбінде көлік қоятын арнайы орын жоқ. Бұл мәселе түрлі деңгейде көтерілгенімен қалталы кәсіпкерлерге атқарушы биліктің тісі батар түрі жоқ. Бір қуанарлығы, биыл кенттегі 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Кент әімдігінің мәліметінше, Хорасан ата мен осы көшенің бойынан №125 мектепке дейінгі аралыққа, А.Иманов, З.Мұсаханов, Құрманғазы және Жаңаауыл көшесіне тротуар салынады.
Енді жол ережесін бұзғандарға қолданатын жазаға тоқталсақ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 126 теңгеге көтеріліп, 2 651 теңгені құрады. Соның нәтижесінде барлық төлемдер де өсті. Көлік тұрағы үшін төленетін салықтан жалтарғаны үшін 3 АЕК, яғни 7 953 теңге төлейді. Тротуар, гүлзарлар мен көгалдарға, балалар алаңы мен спорт алаңына тоқтағаны немесе көлікті сол жерлерге тұраққа қойғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жалған нөмірлі көлікпен жүрген жүргізушілерге 20 АЕК (53,020 теңгені құрайды, бұрын 50 500 болған) айыппұл салынады немесе бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырады. Осылай жалғаса береді.
Көптің көкейіндегі түйін – армениялық, қырғызстандық және ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты заңның өзгеруі. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев шетелік нөмірмен жүрген көліктерді тіркеу тәртібін былай түсіндірді.
Еуразиялық экономикалық одақта жаңа жылға дейін Армения мен Қырғызстанның көлікті кеденнен өткізу кезінде жеңілдік болған. Бірақ қазақстандықтар осы жеңілдікті пайдаланып, көлікті шетелде сатып алса да тіркеуге қоймай жүрді. Енді ол көліктерді тіркеуге қою үшін Қазақстан аумағынан шығып 30 күннен кейін қайтадан кіру керек.
– Ондай талап тек Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге ғана қатысты. Ресейлік көліктер жатпайды. Негізі Қазақстанға кіретін барлық көліктер кеденнен ЕАЭО-ның ортақ тәртібі бойынша өтуі тиіс. Ал Армения мен Қырғызстанға 2020 жылға дейін жеңілдік жасалған. Демек, ондай жеңілдік осы екі елдің азаматтарына берілген болатын. Олар уақытша кіріп, емін-еркін жүруге мүмкіндік алған. Ал қазақстандықтар көлік сатып алса, кедендік тазартуды бірден толығымен жасауға міндетті, – деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бұған дейін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда көлік сатып алған қазақстандықтар ортақ ережені сақтамаған. Енді көлікті толығымен кедендік тазартудан өткізу керек, я болмаса, Қазақстаннан тыс жерге шығару қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша бұл ережені сақтамаған жүргізушілердің жауапкершілігі жазылған, көлікті айыппұл тұрағына қоюға дейінгі шаралар бар. Ол үшін көлік иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Енді шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады. Шектеулер «Жол қозғалысы» туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес, «Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады». 65-бапттың 2 тармағына сәйкес “Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді”. Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірі бар көліктердің жол жүру ережесін жиі бұзатыны жайында хабарлаған болатын. Себебі ақпараттық базада көлік иесінің деректері жоқ. Осылайша, өткен жылы осы санаттағы көліктердің қатысуымен 1 854 жол апаты тіркелді. Айыппұлдардың жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгеден асты. Жаңақорғанда да шет елдік көліктердің саны аз емес. Бірақ нақты қанша екеніне байланысты дерек жоқ. Құзырлы органдар бұл туралы ақпаратты облыстық департаменттен немесе кедендік бақылаудан білуге болатынын ескертті.
Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестердің алдында үш нұсқа бар. Біріншіден, барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру керек. Екінші, көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізуі тиіс. Үшіншісі, техникалық құралды шетелге апарып сату. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 200 мыңнан аса көлік шетелдік нөмірмен жүр.
Біз бүгін автокөлік төңірегінде 2020 жылдағы жаңалықтарды саралап көрдік. Бір түсінгеніміз, тұрғындарға шет елдік көліктерге қатысты нақты мәліметтер жетпеген. Ал көлік тұрағы мен жаяу жүргіншілер жолы биылдан қалмай шешімін табады деп сендік.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
18 қаңтар 2020 ж. 871 0