Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ: АДАМ ӨЛІМІ НЕГЕ АЗАЙМАЙ ТҰР?

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ: АДАМ ӨЛІМІ НЕГЕ АЗАЙМАЙ ТҰР?


Жол апатынан қаза болғандар саны азаймай тұр. Нақты дерек көздеріне сүйенсек, жыл басынан бері сегіз айда жол-көлік оқиғалары кезінде 1251 адам көз жұмған. Оның ішінде, жаңақорғандықтар да бар. Жалпы, жол апатының жиілеу себебі неде? Оны алдын алу үшін қандай жұмыстар жасалынуда?
Иә, апат айтып келмейді, дегенмен «сақтансаң сақтаймын» демекші темір тұлпардың тізгінін тежеп-тексеріп тұрсақ артықтық етпейді. Көбіне жол ережесін сақтамаудан немесе мас күйінде көлік тізгіндегендердің кесірінен орын алатынын естиміз. Оған сәл кейінірек. Алдымен, жол сақшылары не дейді? соны білдік.
Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Сәбит Есперов:
– 2017 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша 31 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 38 адам түрлі дене жарақатын алды. Алты тұрғын бақилық болды. Биыл 16 жол-көлік оқиғасы орын алып, үш жаңақорғандық өмірден озды.
Көбіне жол апаты кентте және «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» жолының бойында орын алады, – деді. Жол-көлік оқиғасы көбіне иесіз жүрген малдардың салдарынан орын алады.
Расында, пада ұйымдастырмаған ауылдардың малы автожол бойында жүреді. Бұл Сыр бойындағы ауылдағы тұрғындарға да қатысы бар жайт.
Екіншіден, көлікті мас күйінде басқаратындар оқиғаға себеп болады. Мәселен, былтыр 39 тұрғын алькогол ішімдігімен ұсталса, биыл 40-қа жетті. Ережені бұзушылар ішінде көлік айдау құқынан айырылған азаматтар да бар екен.
Осы орайда, республикалық мәліметті шолып өтсек. Биыл жол апатынан 13 мыңға жуық адамның денсаулығына зақым келіп, түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Ішімдік ішіп, рульге отырған 18 мың жүргізуші ұсталыпты. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша тас жолда былтыр 17 мың жол апаты тіркеліп, 2 мыңнан астам азамат опат болған. Ал, 2016 жылғы көрсеткіш тіпті қорқынышты.
Үшіншіден, жол белгілері мен бағдаршамға бағынбайтындар. АІІБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол техникалық инспекция тобының мемлекеттік инспекторы Сұлтанахмед Әбуов біраз жайдың бетін ашты.
– Шыны керек, Жаңақорғанда жол белгілері байланысты олқылықтар аз емес. Мәселен, бағдаршамға келсек, ең алдымен бағдаршам орналастыру мәселесінде тендерден жеңіп алған кәсіпкерден де әкімдіктен де қателік кетеді. Сол үшін алдын ала бізбен ақылдасса дұрыс болар еді. Тәуелсіздік пен Хорасан ата көшесінің бойына цифрлы бағдаршам міндетті түрде керек. Сондай-ақ, Нақипов пен М.Көкенов, Тәуелсіздік пен Құрманғазы көшесінің қиылысына бағдаршамға қажеттілік бар. Біз бұл туралы ұсынысты кент әкіміне және жауапты салаға талай жолдадық, – деді инспектор.
Ұсыныс қағаз жүзінде барғанымен кент әкімдігінің жауабы жалғыз, ол –«бюджетте қаржы тапшы». Жол-көлік оқиғалары көбіне жаяу жүргінші жолдары болмағандықтан да орын алады. Бұл айтыла-айтыла жауыр болған тақырып.
– Кенттегі негізгі 15 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуды ұсындық. Әрине, барлық көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынбаса да, оқушылар көп жүретін Абай, Құрманғазы, Жеңіс, Байкенжеев сынды көшелерге мән берілсе, – деді ол. Көлік жүргізушілерді әңгімеге тартқанымызда, көбіне жол-көлік оқиғалары кент ішіндегі ой-шұқыры көп көшелер мен су құбырлары жүргізіліп жатқан жерлерде орын алады екен.
Тағы бір жайт, жасанды жол кедергілерін қажет ететін көшелер жеткілікті. Әсіресе, балабақша мен білім ордаларының алдына бұл жасанды кедергілер маңызды рөл атқарары сөзсіз. Жаңадан бой көтерген №56 мектеп, Альбина, Меруерт тағы басқа толып жатқан мектепке дейінгі мекемелер осындай кедергілерді жиі сұрайды. Осы орайда, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұржан Сүлейменовпен сөйлескенде:
– 2016-2017 жылы жол белгілері орнатылған болатын. Биыл қалпына келтіру мақсатында ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал, қажетті белгілерді алдағы уақытта кент әкімдігімен бірлесе шешетін боламыз, – деді.
Соңғысы көлік апатына себепкер болатын Хорасан ата бойындағы ірі сауда орындары мен кафелердің көлік тұрағы болмауы жол қозғалысына кедергісі аз емес.
Міне, біз жол-көлік апатына алып келетін жағдайларды осылай зерделедік. Осы орайда құқық қорғау органдарының ұсынысымен жасаланып жатқан жүйелі жұмыстардың да бар екенін атап айта аламыз. Ал, тұрғындардың назарына мына жайтты сала кетейік, айыппұл төлеуге міндеттелгендер бір апта ішінде төлесе онда 50 пайыздық жеңілдік беріледі екен. Мұны неге айтып отырмыз, себебі биыл былтырғыға қарағанда тәртіп бұзушылардың өсімі 15 пайызға жетіпті.

P.S.: Біз көлік апатына алып келетін жайттарды құқық қорғау саласының қызметкерлерімен біріге отыра зерделедік. Қалғаны уақыт еншісінде...

Әли ТЕМІРБЕК.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 163 0