Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ АПАТЫ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?

ЖОЛ АПАТЫ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?


ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев 2019 жылдың 6 айын қорытып, жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы нақты мәлімдеме жасады. Жыл басынан бері 7 093 ЖКО тіркеліп, одан 9 425 адам әр түрлі деңгейде жарақат алды, 850 жолаушы қаза тапты. Бұл дегеніңіз, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көлік апаты 5 процентке, қаза тапқандар 8 процентке, жарақаттанғандар 9 процентке артқанын көрсетеді. Жаңақорған ауданында да ЖКО салдарынан зардап шеккендер саны азаймай тұр. Бұл жөнінде сәл кейінірек айтсақ. Жол апатының жиілеуінің себебі неде, оны алдын алудың жолдары қандай? Алдымен осыны анықтасақ.


«Апат айтып келмейді». Техника болғасын кез келген көліктің тізгінге көне бермейтіні де рас. Дегенмен тұрғындар арасында «сақтансаң – сақтаймынның» қағидасын ұстану жетіспей тұр. Ережені бұзушылар не жолда жүру ережелерін дұрыс білмейді, не әдейі ережені бұзады. Мұны аудандық соттың сот приставы Мейіржан Тұрғанбекұлы айтты.
– Жыл басынан бері аудандық сотқа 346 әкімшілік іс түсті. Оның 30-тарауы жолда жүру ережелерін бұзуға байланысты. Тарқата айтсақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 119 іс тіркеліп, оның 113-і қаралды. Көлікті мас күйінде басқарғандар саны көп. Қаралған істің 90-ы ішімдік ішіп көлік айдағандар, – деді ол.
Көлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып, жолдың қарсы бағытында көлік басқарған 23 жүргізуші ұсталды. Ережені бұзған 14 адамға айыппұл салынды, 14-і уақытша ұстау изоляторына қамалды, 75-і көлік басқару құқығынан айырылды. Сандарға қарағанда, мас күйінде көлік басқарғандар көп. Соның салдарынан жылына 140-150 жүргізуші көлік басқару куәлігінен 3-5 жылға айырылады.
Енді тәртіп сақшыларының мәліметіне зер салайық. Жергілікті полиция қызметінің жұмысты ұйымдастыру аналитикалық тобының инспекторы Айым Сыздықова:
– Былтырғы жылдың бірінші жарты жылдығында 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды, 1 жолаушы оқиға орнында бақилық болды. Биыл ЖКО 63,6 процентке, жарақат алғандар 66,7 процентке артты. Қаза тапқандар 7-ге жетті, – деді инспектор.
ЖКО көбіне күндізгі мезгілде орын алады. «Самара-Шымкент» жолының бойында және елді мекендерде 9 оқиға орын алса, қалған 11 жағдай Жаңақорған кентінде тіркелді. Жол апатына иесіз жүрген малдар да себеп болады. Пада ұйымдастырмаған ауылдардың мүйізді ірі қарасы автожол бойында жүретіні белгілі. Жолда жүру ережесін бұзатындар қатарында жол белгілері мен бағдаршамға бағынбайтындар көп. АПб-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің жол техникалық инспекция тобының мемлекеттік инспекторы Сұлтанахмед Әбуов осыған байланысты пікірін білдірді.
– Шыны керек, Жаңақорғанда жол белгілеріне байланысты олқылықтар аз емес. Мәселен, бағдаршам орналастырғанда кәсіпкерден де әкімдіктен де қателік кетеді. Полиция қызметімен кеңесіп қойғаны дұрыс болады. Қазірдің өзінде бірнеше көшеге бағдаршам сұранып тұр. Атап айтқанда, Нақипов пен М.Көкенов, Тәуелсіздік пен Құрманғазы көшесінің қиылысына бағдаршам қойылуы тиіс. Біз бұл туралы ұсынысты кент әкімдігіне талай рет жолдадық, – деді инспектор.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жол апатын тиюдың бірден-бір жолы – бейне бақылауды тиімді пайдалану. Алысқа бармай-ақ, Қызылорда қаласын айтайық. Көше бойындағы күндіз-түні істейтін бейне бақылау жүйесі полиция қызметінің бақылауында. Осы арқылы жолдағы келеңсіздіктер саны азайды. Жаңақорған кентінің бірнеше жеріне бейне бақылау камерасы қойылды, бірақ бақылау тетігі шешілмегендіктен күндіз-түні бағдаршамның қызыл түсіне бағынбайтындар көп.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қазір 11 мыңнан аса көлік тіркелген. Бұл қазақстандық нөмірмен жүргендер, ал шетелдік көліктер 400-ге жуық. Орайы келгенде көлік жүргізушілерді әңгімеге тартқанымызда, көбіне жол-көлік оқиғалары кент ішіндегі ой-шұқыры көп көшелер мен су құбырлары жүргізіліп жатқан жерлерде орын алатынын айтты. Оның үстіне, жол белгілері талапқа сай еместігін алға тартты. Жол көлік оқиғасын азайтуда жасанды жол кедергілерін қажет ететін құрылғыларды көше бойына қою маңызды. Әсіресе, балабақша мен білім ордаларының алдына жасанды кедергілер қою керек. Соңғысы кенттегі ірі-ірі сауда орындары, кафе, мейрамхананың көлік тұрағы болмауы да жол қозғалысына кедергі келтіреді.

P.S.: Біз көлік апатына алып келетін жайттарды құқық қорғау саласының қызметкерлерімен біріге отыра зерделедік. Сонда ұққанымыз, тұрғындардың сана мәдениеті дамымай жол-көлік оқиғасы азаймайды. Алдымен өзімізді тәрбиелеуіміз қажет-ақ.

Әли ТЕМІРБЕК
20 шілде 2019 ж. 882 0