Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ


Биыл аудан көлемінде жол-көлік оқиғасы жиіледі. Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше былтыр 6 айдың қорытындысымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам қайтыс болса, биыл қаза болғандар саны жетіге жетті. Бұл бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналды. Күн тәртібінен түспейтін жолда жөнсіз жүргендерге тыйым керек. Сондықтан апаттың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тарапынан іс шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жуырда қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс- шара өткізілді.


Жыл сайын өтетін ҚР Ішкі істер министр­лігінің нұсқауына сәйкес аудан орта­лығындағы халық көп шоғырланатын орын­дар мен кенттің басты көшесі А.Иманов көшесінің бойында полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көліктерді тоқтатып, жолда жүру ережелері туралы жадынамалар таратты. Көлік жүргізушілер бұл іс шараның маңызды екеніне көңіл аударуы тиіс.
– Шыны керек биыл жол-көлік оқиға­сының жиілегенін естіп те, көріп те жүрміз. Тәртіп орнамаған жерде осындай жағдайлар орын алатыны түсінікті. Бүкіл мәселені құзырлы мекемеге артып қоюға болмайды, әркім өзінен бастауы керек, – дейді кент тұрғыны Мұрат Сейдахметұлы.
Бауыржан Момышұлының «тәртіпке ба­ғынған құл болмайды» деген тәмсілін дұрыс түсінсек жөн болар еді. Өйткені тәртіп бұзғандардың көбі көлікті масаң күйде басқаратындар. Жыл басынан бері 80-ге жуық жаңақорғандық көлік басқару құқынан айырылған.
– Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықты, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген және жалған диагностикалық картасын пайдалану және өзге де ережені бұзбау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізудеміз. Шараның басты мақсаты осы. Әзірге кент көлемінде түсіндіру бойынша жадынамалар таратудамыз, – дейді полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айбол Жолдасбаев.
Алдағы уақытта рейдтік шаралар жүр­гізіліп, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің баптарына сәйкес хаттамалар толтырылатынын ескертеді.
Естеріңізде болса, төл басылымда «Жол апаты қайтсе азаяды?» деген мақала жазыл­ған еді. Мақалада жазылғандай, жол-көлік оқиғасының азайтудың тиімді тәсілі – бейне бақылауларды іске қосу. Сонда ғана тәртіп жөнге келер деген ойдамыз. Қазір кентте бірде-бір бейне бақылаулар жұмыс істемейді. Біз айттық, қалғаны уақыт еншісінде.

Әли ТЕМІРБЕК
01 тамыз 2019 ж. 1 014 0