Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНЕ БЕЙҚАМ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІНЕ БЕЙҚАМ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ


Күре жолда жол ережелерін қатаң сақтауды талап ететін жиектегі белгілердің бар екенін бәрі біледі. Бірақ бағынуға келгенде бейқамдық танытатын жүргізушілер жетерлік. Осындай олқылықтың соңы тақтайдай түзу асфальт жолдың бұзылып, жергілікті қазынадан бөлінген қыруар қаржының құмға сіңіуіне себепкер болады. Сана мәдениетіне сілкініс һәм серпіліс болмаса, салғырттықтың салдарын қарапайым халық тартады.


Жаңақорғанда қос кент болса, соның бірі – Шалқия. Тұрғындардың жолға қатысты бірнеше жылдан бергі талап-тілегі биыл орындалып, асфальт төселді. Десе де, шалқиялықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Шамадан тыс жүк артқан ауыр жүк көліктері қара жолдың қыртысын бұзып келеді. Қазіргідей қырық төрт градус аптап ыстықта тақтайдай түзу асфальтта тас таситын жүк көліктеріне тыйым болмай тұр. Негізі тыйым бар. Шалқияға бара жатқан жолда ауыр жүк көліктеріне бір оське 8 тоннадан артық жүктемеге арнайы белгі қойылған. Алайда жергілікті полицияның қолында көлік бөліктерінің таза салмағын көрсететін электронды таразы болмағандықтан қиыршақтас, доломит және құмтас тиеген көліктердің үстінде қанша тонна жүк барын білмейді. Оған тек облыстық көлік инспекторларының ғана шамасы жетеді. Аталмыш инспекцияға аудан тарапынан ұсыныс та жіберілген. Бұл жөнінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Сүлейменов айтып берді. Оның айтуынша, аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Шалқия» автомобиль жолындағы ауыр жүк көліктерінің жаңа жолды бүлдіріп жатқандығы жөнінде облыстық көліктік бақылау инспекциясына ескертілген.
– Бүгінгі таңда Шалқия кентіне барар жол бойындағы тас ұнтақтау зауыттары мен Құттықожа елді мекеніне және «Тау самалы» лагеріне баратын жолда орналасқан каръерлерден тас таситын ауыр жүк көліктері жол белгісінде көрсетілген жүктемеге бағынбауда. Артық жүк басылған көліктердің кесірінен автомобиль жолы бүлінуде. Оған қоса, қазіргідей аптап ыстықта асфальттанған жолға едәуір зиян келері айқын. Осыны ескере отырып, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына хат жолдадық, – дейді Нұржан Сүлейменов.
Десе де, әзірге көліктік бақылау инспекторлары тарапынан қозғау болмай тұр екен. Хош. Енді Шалқия кентінен Жаңақорғанға қарай жол жүрсек. Аудан орталығындағы жол белгілерінің жай-күйі мен тыйым салынған орынға тоқтау және жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүріп өту мәселелеріне кеңінен тоқталсақ.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ САЛҒЫРТ ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде жол-көлік оқиғаларының әрбір екіншісі жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты орын алады. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері 540 оқиға жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алды. Салдарынан 115 адам көз жұмып, 450 адам түрлі дене жарақаттанды. Бұл республикалық мәлімет. Ал енді Сыр өңіріне келсек, шілде айының басында Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен өңірде жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейд жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде рейдтің алғашқы күні 71 тәртіп бұзушы анықталған. Жалпы жыл басынан облыс көлемінде осылай жолда жүру ережесін сақтамаған 3768 жаяу жүргінші айыппұл арқалаған. Негізі жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер үшін айыппұл көлемі 2 АЕК көлемінде. Осы тұста біз ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Сүлейменовтен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмысты сұрадық.
Сүлейменовтің сөзінше, өткен жылы республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен кентішілік көшелердегі 240 дана жол белгілері жаңартылып, 400-жуық жол белгілері қайта қалпына келтірілген. Заңдылығында кент орталығындағы барлық көше қиылыстарына жол белгілерін, жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызықтар, жол кедергілерін орнату жұмысына Жаңақорған кенті әкіміне дислокация сыздырып, бекітіп аудандық полиция бөлімінен келісім алынады екен.
– 2019 жылы кент көшелеріндегі жол белгілерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмысына 5 400,0 мың теңге қаржы бөлініп, 6 ай ішінде 2 504,0 мың теңгесі игерілді. Атап айтқанда республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолы мен кентішілік көшелердегі 130 дана жол белгісі жаңартылып, 200-ге жуық жол белгісі қайта қалпына келтірілді. Оған қоса, кенттегі Тәуелсіздік, Хорасан ата және Аманкелді көшесінің жол үсті таңбалары жаңартылды. Өзгеде көшелердегі жаяу жүргінші жолақтары сызылып, қалпына келтірілді, – дейді сала маманы.
20 шілде 2019 ж. 752 0