№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәрбие бастауы - отбасында

Тәрбие бастауы - отбасында

Қоғам жаңарған сайын отбасының орны мен бала тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарау мәселесі туындайтыны рас. Осыған орай Білім және ғылым министрі ата–аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мәселесін көтерді.
Ақиқатында, балалар үлкендерге, ең алдымен өз ата-аналарына қарап өседі, еліктейді. Сондықтан ата-анасының мінез-құлқы мен үйде өзін қалай ұстауы  балалардың да мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Нақтырақ айтсақ, қазіргі кезде жастар арасында заң бұзушылықтың жиілеуі ата-аналардың жауапкершілік деңгейінің төмендеуімен тікелей байланысты болып отыр. Мәдениеті төмен отбасында тәрбиеленген балалар қылмысқа да жиі барады.
Бүгінгі өмірде көзге көрініп отырған бір нәрсе,  ата-аналардың жұмысбастылығы - балалардың қараусыз қалуына жеткізетін негізгі себептердің бірі болып отыр. Олар жұмыстарына толықтай берілетіндігі сонша, балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді. Баланың қажеттілігін, қызығушылығын ескере бермейді, үйден, сабақтан тыс уақытта немен айналысатынына толық бақылау жасай алмайды. Мұндай ата-аналардың өз балаларымен байланысы да әлсіз болады. Бала мен ата-ана  еркін пікірлесе алуы керек.
Отбасындағы балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында бауырмалдық байланыстың да орны ерекше. Ең бастысы, баланың ата-анасымен, басқа да отбасы мүшелерімен  қарым-қатынасы жылы әрі мейірімге толы болуы тиіс.
Өкінішке қарай, қазіргі кезде ата-аналардың  балаларына деген қарым-қатынасы қатал, қатігездік сипатта болып барады. Шетелдік ғалымдарС.Фрайд, П.Хоулт, В.Гиллхам  және тағы басқалардың зерттеулеріне назар аударсақ, ата-аналардың балаларға  қатал қарым-қатынасының бірнеше  түрлері бар.
  1. «Үнемі нысанаға алынатын бала» - кейбір ата-аналарбаланы «өте ынжық немесе шектен тыс  белсенді» деп санайтындықтан, ашу-ызасын үнемі соларға көрсетеді.
  2. «Ата-ананың өміріндегі күрделі жағдай» - Ата-ананың жұмыстан босап қалуы, сүйіктісінен айрылуы, қиындыққа ұшырауы және тағы басқа жағдайларбалаға қатал мінез көрсетуге де себеп болады.
  3. «Әкелік немесе аналық дағдылардың қалыптаспауы» - әке немесе ана болудағы жауапкершілікке көп ата-аналар дайын болмайды, сол үшін олар балаға айқайлап, оларды қорқытып, ұрып-соғуды әдетке айналдырады.
  4. «Білімсіз ата-ана» - қазір көп жағдайда ата-ананың баланың дамуы мен жас ерекшеліктері туралы қарапайым білімі жетіспейді, сондықтан да олар бала психикасының ерекшеліктерін ескере бермейді.
  5. «Үйдегі  зорлық күштеудің моделі»- өздерінің бала кездерінде көп зорлық көрген немесе күш көрсетудің куәсі болған ата-аналар баласына қаталдық көрсетуді қалыпты жағдай деп санайды.
  6. «Сыртқы дүниеден бөліп ұстау»- басқа адамдармен араласуды қаламайтын немесе қарым-қатынас орната алмайтын ата-аналар өз балаларын оқшаулап, өзгелермен сөйлесуіне тыйым салады. Балаларын да солай тәрбиелеуге тырысады. Мұндай қаталдық баланың  агрессиялық мінезін тудырады.
  7. «Отбасылық стеротиптер» - отбасында қалыптасқан қатаң қағидамен тәрбиеленетін балалар өз өмірінде қателікке ұрынса (жасөспірім кезінде аяғы ауыр болып қалса, отбасылық дәстүрді бұзса, әдеп сақтамаса және т.б.) ата-аналары оларды үйден қуып, ұрып-соғып, оқшаулап, қатал жазалайды.
Ата-аналардың осындай мінез көрсетіп, жөнсіз қимыл, іс-әрекетке баруы көп жағдайда балаларының өз бетімен қаңғыбастыққа салынуына, қылмысқа баруына, тіпті өз - өзіне қол жұмсауына алып келеді.
Сондықтан әр ата-ана өз баласының тағдырына бей-жай қарамай, олармен жиі пікірлесіп, көп уақытын бөлуі өте маңызды. Бала тәрбиесін мектеп пен мұғалімге арта берудің дұрыс еместігін қазіргі қоғамда әр отбасы сезіне білуі керек. Өйткені тәрбие отбасынан басталады.
Ағима  Маханбетова,
«Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ
Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау
 кафедрасының меңгерушісі,
 педагогика ғылымдарының кандидаты
23 желтоқсан 2019 ж. 1 016 0