№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық «Қазпочта» АҚ-ның мәжіліс залында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында мекеме ұжымдарымен кездесу өтті.

Аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев, кәсіби медиаторлар О.Ускенбаева, О.Жамалханов, Б.Алиев және аталған мекемеқызметкерлері қатысты.
Аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев кездесуге келген мекеме қызметкерлеріне медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын, істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі татуласу тиімді екендігін, халықтың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларын еселеп қысқартуға болатынын, қазіргі таңда бабалардың бітімгершілік жолын жаңғыртуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарапынан ауқымды шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын, солардың бірі ретінде даулардың жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаны атап өтті. Ол өз сөзінде аудандық соттың ұйымдастыруымен аудан орталығында «Татуласу орталығы», аудандық соттың ғимаратында орналасқан «Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы» және медиаторлардың кабинеттері ашылып, қызмет атқарып жатқанын, сондай-ақ, сотта және сотқа дейінгі татуласу институтының қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, қазақ билер кеңесінің тарихын, бүгінгі таңдағы татуластыру рәсімдерінің шығу тарихын айтып өтіп, мемлекет және құқықтық құрылуындағы билер кеңесінің рөлін атап өтті. Сонымен қатар, дауларды шешудің тәсілдерін және медиация мен Билер кеңесі қызметінің дамуының маңыздығылығы туралы айта отырып, аудан бойынша татуласумен қаралған даулардың үлгісін және статистикалық мәліметтерді келтірді.И.Тұңғышбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Еңбек дауларының және жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу» пилоттық жобасы аясында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға  еңбек дауларын келісу комиссияларымен сотқа дейінгі реттеудің өзектілігіне, халықпен дауларды сотқа дейін және соттан тыс шешу тәртібінің артықшылықтары бойынша жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы айтып, қатысушыларды осы жобаны насихаттауға шақырды.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері медиаторлардың тәжірибесіне қызығушылық танытып, бас қосу соңында қатысушылар медиация бүгінде көпшілік қолдауына ие екенін, өйткені сотқа дейінгі келіспеушілікті реттейтін бұл тәсіл бүгінде елдің бірлігін нықтау жолында да сенімді бастама болып отырғандығын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының дауды соттан тыс шешу бағытындағы жүргізіліп жатқан реформаларды, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтындықтарын білдіріп өз алғыстарын білдірді.

                                                             Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
31 мамыр 2019 ж. 1 010 0