№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді

Жаңақорған аудандық соты «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді



   Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық «Қазақтелеком» АҚ-ның мәжіліс залында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында мекеме ұжымдарымен кездесу өтті.
     Бұл кездесу «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жоба аясында аудандық соттың 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына құрылған арнайы жұмыс жоспарын орындау мақсатында өткізілді.
     Аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев, кәсіби медиатор А.Баймұратов аталған мекеме басшылары,  қызметкерлері қатысты.
    Аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев кездесуге келген мекеме қызметкерлеріне медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын, істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі татуласу тиімді екендігін, халықтың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларын еселеп қысқартуға болатынын, қазіргі таңда бабалардың бітімгершілік жолын жаңғыртуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарапынан ауқымды шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын, солардың бірі ретінде даулардың жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаны атап өтіп, аудандық соттың ұйымдастыруымен аудан орталығында «Татуласу орталығы», аудандық соттың ғимаратында орналасқан «Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы» және медиаторлардың кабинеттері ашылып, қызмет атқарып жатқаны туралы тағы да хабардар етті.
   Кездесу барысында ұжым қызметкерлері медиаторлардың тәжірибесіне қызығушылық танытып, бас қосу соңында қатысушылар медиация бүгінде көпшілік қолдауына ие екенін, өйткені сотқа дейінгі келіспеушілікті реттейтін бұл тәсіл бүгінде елдің бірлігін нықтау жолында да сенімді бастама болып отырғандығын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының дауды соттан тыс шешу бағытындағы жүргізіліп жатқан реформаларды, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтындықтарын білдіріп өз алғыстарын білдірді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
23 қараша 2018 ж. 1 384 0