№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді

Жаңақорған аудандық соты «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жоба аясында кездесу өткізді

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен кенттегі №125 орта мектептің акт залында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында кездесу өтті.

Бұл кездесу «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобаcы аясында аудандық соттың халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау бойынша құрылған арнайы жұмыс жоспарын орындау мақсатында өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев, кәсіби медиаторлар А.Жәнібеков, О.Ускенбаева, Қызылорда облысы әкімі аппарат «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша этноаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маманы А.Ильясов және аталған мекеме басшылары,  қызметкерлері және оқушылар қатысты.
Аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев кездесуге келген мекеме қызметкерлері мен оқушыларға медиацияның ерекшеліктері мен артықшылықтарын, істі сот процесіне жеткізгеннен гөрі татуласу тиімді екендігін, халықтың құқықтық сауаттылығының арқасында сот дауларын еселеп қысқартуға болатынын, қазіргі таңда бабалардың бітімгершілік жолын жаңғыртуда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарапынан ауқымды шаралардың жүзеге асырылып жатқандығын, солардың бірі ретінде даулардың жекелеген санаттары бойынша пилоттық жобаны атап өтіп, аудандық соттың ұйымдастыруымен аудан орталығында «Татуласу орталығы», аудандық соттың ғимаратында орналасқан «Халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы» және медиаторлардың кабинеттері ашылып, қызмет атқарып жатқаны туралы тағы да хабардар етті.
Сондай-ақ өз кезегінде кәсіби медиаторлар  А.Жәнібеков пен О.Ускенбаева ең алдымен медиация дегеніміз не, оның тиімді тұсы қайда, кімдер медиатор бола алатынын, медиацияны қарапайым тілмен айтқанда бітімгершілік деп түсінуге болатынын, яғни белгілі бір мәселе бойынша келіспеушілік, дау туындаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар оны соттан тыс  өзара келісім жағдайында шеше алатындығын, бұл үшін тараптар тағы да өзара келісім бойынша кәсіби немесе кәсіби емес медиаторға жүгіне алатындығын айтып өтті.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері медиаторлардың тәжірибесіне қызығушылық танытып, бас қосу соңында қатысушылар медиация бүгінде көпшілік қолдауына ие екенін, өйткені сотқа дейінгі келіспеушілікті реттейтін бұл тәсіл бүгінде елдің бірлігін нықтау жолында да сенімді бастама болып отырғандығын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының дауды соттан тыс шешу бағытындағы жүргізіліп жатқан реформаларды, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтындықтарын білдіріп өз алғыстарын білдірді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 сәуір 2019 ж. 1 223 0