№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік желінің әлегі

Әлеуметтік желінің әлегі


Экономика әлеуеті қарыштап дамыған заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу мүмкін бе? Бір күн байланыс аясынан тыс өмір сүре аламыз ба? Міне, мәселенің бір ұшы осы жерден шығады. Алыстағы ағайыннан жылдам хабар алғызатын құралдың тілін ұққанның пайдасы зор. Дегенмен, алтын уақытымызды ұрлап, денсаулыққа зиян келтіретінін айтпағанда, әлеуметтік желінің тілдің заңдылықтарын бұзатынын айту керек.
Кешегі өткен мерекенің қарсаңында әлеуметтік желілерден жүздеген құттықтау хат келіпті. Шынайы жазылғанын құп көремін-ау, дегенімен жастардың жазған жұпыны сөзін көріп, тіл жанашыры ретінде үнсіз қалуды жөн көрмедім. «Пернетақтада қазақ тілі жоқ» деген желеумен жазылған сөздерден көз сүрінеді. Әлеуметтік желіде қаншама қандастарымыз төл дыбысты орыс қаріптерімен жазып жүр. Бұл тілдің шұбарлануына әкеліп соқпайды ма? Бұны бір деп қойыңыз.
Екіншіден, желідегі жастар «сленг» пен «жаргон» сөздер көп қолданады. Мағынасы фразеологизмге ұқсас, яғни фонетикалық, грамматикалық жүйеге бағынбайтын жаргонға неге құмар? Жұпыны сөздерді сәнге айналдырып, мақтаныш көруге не түрткі? Жасөспірімдермен сөйлескенде «сындырды», «базар жоқ», «лапша ілді», «құлақтан тепті», «қуады екенсің», «лақтырып кетті», «қораға кірді» деген сөздерді жиі естиміз. Осы секілді шешімін таба алмаса, «тормозы ұстап қалды», «зависать етіп қалды», көпшілікпен келуді «талпа», менменсуді «типаж болу», ақша талап етуді «счетчик қою», қоңырау шалуды «маяк тастау» деп жатады. Бұл жаргон сөздерде орыс сөздерінің компоненттері бар. Бірақ, бұл Абайдың, Толстойдың, Чеховтың тілі емес...
Үшіншіден, «Әлеуметтік медиаға» зерттеу жасаған америкалық әлеуметтанушы Дэвид Филлипс «Вертер синдромы» деген ұғымды қалыптастырды. Ол масс-медиа арқылы көрсетілген, айтылған, жазылған өз-өзіне қол салу жөніндегі ақпараттардан кейін шынымен де өмірден баз кешпек болатындардың саны өсіп кетеді екен. Яғни, ұласпалы сипатқа ие болады. Қазақтың «жақсылықты асырып, жамандықты жасыруды» өмірлік ұстаным қылуы содан болса керек. Бір сөзбен айтқанда, қандайда бір жаман қылық, қатігездік, қылмыс туралы жиі айтылса, соларды жасайтындардың қатары да өсе түседі екен.
Демек, әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан «ермекті» бірінші кезекте осы «Вертер синдромы» тұрғысынан қарастырғанымыз абзал.
Иә, алдымен ВКонтакте желісінде өлімге итермелейтін контент бар екенін ресейліктер айтқан еді. Өткен жылы Ресей масс-медиасы 2015 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың сәуірі аралығында Ресейде 130 жасөспірімнің әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын топтардың кесірінен өздеріне қол салғанын жазды. Содан кейін, Қырғызстанда әлеуметтік желілерде «Синий кит», «Тихий дом» тәрізді ойындарды ойнап, өздеріне қол жұмсамақ болғандардың көбейіп кеткені туралы жиі айтылды. Іле-шала бұл әңгіме Қазақстанда да жайылды. Бірқатар телеарналар, ірі сайттар ақпарат таратты, жаңалықтардан көрсетті. Одан соң WhatsApp желісінде түрлі диалогтардың скриншоттары, фотолар тарай бастады. YouTube желісінде де бейнежазбалар толып жүр. Бірін-бірі сақтандырған жұрт. Балалардың тағдырына алаңдаған көпшілік. Суицидтің алдын алуға ұмтылған ел «ядельфин» немесе «янекит», «небудименяв420» сияқты түрлі хэштегтер арқылы әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда. Құптарлық іс. Дегенмен, жастардың қауіпті өміріне «Вертер синдромы» ретінде қарасақ, әлеуметтік желілерде суицидті насихаттайтын топтардың жарнамасын тұтас ел болып жасап отырған өзіміз сияқтымыз. Сіз бұл туралы қалай ойлайсыз?

Мақпал МАРҚАБАЙ.

13 наурыз 2018 ж. 2 213 0