Финляндияда тек қыздарға арналған арал бар
Кристина Рот есімді ару Финляндиядан арал сатып алып, оған тек әйелдерге келуге рұқсат еткен. Super She деп аталатын демалыс орнының үлкен артықшылығы бар. Арал иесінің айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік желідегі мінсіз кейіпкерлерді көріп жүрген қарапайым адамдар сондай болуға талпынып, өздерін бар болмысымен қабылдай алмайтын дәрежеге жетті.
Жағажайларда да әйел адамдар жақсылап демалып, күш жинап қайтудың орнына, боянып, өздерін жұрттың алдында әдемі көрсетуге тырысып бағады. Идея Кристинаға Калифорнияда жүрген кезінде келген. New York Post басылымына берген сұхбатында жағажайда ер адамдардың болуы әйелдердің өздерін толыққанды еркін сезінуіне кедергі келтіретінін айтты. Міне, осындай жағдайды ескере отырып құрылған демалыс орны енді өзінің алғашқы қонақтарын күтуде.