«ӘКЕ-ОТБАСЫ ТІРЕГІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Қазақ қоғамында әкенің алатын орны ерекше. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мен ата-ана институтын нығайту мақсатында Үкімет қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі — Әкелер күні болып мереке ретінде белгіленіп, еліміздің мерекелік күндердің тізбесіне енгізілді.
Осы мақсатта, бүгін аудандық М. Көкенов атындағы мәдениет үйінде «Әке-отбасы тірегі» атты аудандық конференция өтті.
Конференция қонақтары ретінде Түркістан облысының құрметті азаматы, Қ. А.Иасауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті поофессоры, философия және теология ғылымдары докторы, Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы мен Қызылорда облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Phd докторанты Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы қатысты.
Сонымен қатар, аудандық прокуратураның аға прокуроры Байсбаев Берік Смайлұлы, барлық кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлері және барлық ардагерлер кеңесінің төрағалары, әйелдер кеңесінің төрайымдары, ел ағалары, ауыл имамдары, үлгілі, қарапайым отбасы иелері мен ҮЕҰ өкілдері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.