№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ​​​​ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН

​​​​ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН

Латын әліпбиінің болашақ ұрпақ үшін тигізер пайдасы орасан зор. Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарында жолдаған жолдауының өзі "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталды. Біз өнеркәсіпті өркендетуіміз үшін міндетті түрде жаңа технологиялармен жұмыс жасауымыз тиіс. Ал жаңа технологиялардың басым көпшілігі ағылшын тілінде болатыны белгілі.Мінің пікірімше, латын әліпбиінің соңғы нұсқасы тиімді. Бұл Мемлекет басшысы маңызды стратегиялық шешім қабылдаған кезде қоғамның пікірін ескеретінін көрсетеді. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей жастардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын. Өйткені, қоғамдағы бір ғана көрініс жарнаманың өзі латын қаріпінде жазылып тұрса, адам назарын бірден аудартады. Жастардың көп пайдаланатын а әлеуметтік желілерде латынша жазатын жастарды байқауға болады. Алға қойған ендігі мақсат тек қана соңғы қабылданған әліпбиді қолдап, қолдану ғана қалды.
22 ақпан 2018 ж. 1 472 0