Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Кімдердің жалақысы 50 пайызға өсетіні белгілі болды - Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Кімдердің жалақысы 50 пайызға өсетіні белгілі болды - Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі, деп хабарлайды turkystan.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.

«Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.

«Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

15 маусым 2025 ж. 212 0