№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ПАТРИОТ ПА?

Жаңақорғандықтар шын патриот па? Әлде айтылатын жай сөз бе? Осыған көз жеткізу үшін көп іздендік. Нәтижесі қандай?
 Біздің дәйек объективті болмауы да мүмкін. Алайда жерлестеріміздің Кеңестер салған арнадан шыға алмай жүргенін көрдік.
Бірінші мысал. Жақында Халық банкте болдық. Мақсат біреу. Банктен жалақысын алушылар терминалда қай тілді пайдаланатынын көру. Кезекте 12-ші тұрмыз. Бар назар жалақы алушының тілді таңдауында. Сонда байқағанымыз «қазақ», «орыс», «қытай» тілі дегеннің ішінде барлығы орыс тілін таңдауда.
Жастау жігіттен неге қазақ тілін таңдамайсын? – деп сұрадық.
– Осыған үйреніп қалғанмын, – деп қысқа жауап қатты ол.
Екінші күні банкке барып кезекке тұрдық. Бір адам қазақ тілін таңдайма ма? – деген үміт бар. 20 минут бақыладық. Бірақ, қазақ тілін таңдаған болмады. Үшінші күні тағы бардық. Ең болмаса бір адам жалақы алу кезінде, қазақ тілін тұтынатын шығар деген ой. Алайда...
Ұзақ мәселе секілді. Бірақ, экс-бас банкир Григорий Марченко «қазақ тілін неге үйренбейсіз?», – деп сұрақ қойылғанда:
– Қазақстанда банкілік операсия кезінде тұтынушылар орыс тілін қолданады. Сондықтан қазақ тілінің қажеттілігі жоқ, – деген еді.
Оның мұндай ниетте болуына, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған жердегі қазақтың ретсіз, негізсіз орыс тілін қолдануы себеп болып тұр.
Екінші мысал. Кенттегі бірнеше жерде тек орыс тілінде жазылған баннерлер тұр. Соңы көріп, мынау неге орыс тілінде жазылған? Заң талабы бойынша қасында қазақ тіліндегі нұсқасы тұруы керек деген адам бар ма екен? Егер бар болса ай жарық осындай бола ма?
Үшінші мысал. Дерек көздеріне сенсек, ауданда 17 ұлт (612 адам) өмір кешуде. Ал Жаңақорған кентінде 8 ұлт өкілдері 366 адамды құрайды. Бұл ұлттар Жаңақорғанның байлығы. Олар түрлі ұлт өкілі болғанмен, қазақылықты, қазақтықты бойларына сіңірген немесе қазақтың дүние-танымын жақсы түсінетіндер. Бірақ, біздің қазақтар өзге ұлт өкілдерін көрсе, шамалы ғана орысшасын айтып тауысады. Оған не себеп. Әлеуметтанушылар мен психолоктар «құлдық сана» деген диагноз береді.
Төртінші мысал. Жаңақорғандықтар әлі күнге дейін Кеңестер кезіңдегі терминдерден әлі арыла алмай жүр. Мәселен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімін «СОБЕС» дейді. Кент әкімшілігін «Поселка», білім бөлімін «Района» деуде. Осы сөзді пайдаланушылардан сұрасаңыз «осыған үйреніп қалғанбыз» деген сөзді алға тартады. Алайда олар бұл сөздер «құлдық сананын» жемісі екенін түсінбейді, түсінгісі де келмейді.
ТҮЙІН. Міне, өздеріңіз бағамдап, бағдарлап көріңіздер, жаңақорғандықтар патриот па?
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
11 наурыз 2018 ж. 1 224 0