№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жол түзелді, жүргінші сенде түзел! Жарай ма?

Жол түзелді, жүргінші сенде түзел! Жарай ма?


Жол-көлік оқиғаларының бір бөлігі жаяу жүргіншілердің кінәсінен болады. Қолда бар статистикалық деректер осыны дәлелдеп тұр. Жолақтан өтуге ерініп, кез келген тұстан жолдың арғы бетіне жүгіре кететін әдеттің бары рас. Сенбесеңіз, кенттегі «Ғани» сауда орталығы мен «Нұрасыл» сауда орталығы маңына барсаңыз болғаны.


Ары-бері ағылып жатқан адам. Неге бұл аумақты айттық? Өйткені, бұл маңда көбіне жол полициясы тұрады. Әу баста ескертетін. Қазір тәртіп сақшылары ескертусіз айыппұл арқалатады. «Аузы күйген үрлеп ішедінің» кейпіне енген көпшілік қазір ақырындап, арнайы жолақтан өтуді әдетке айналдырып келеді. Дейтұрғанмен қарапайым ғана осы арнайы жолақтан өтуге ерінген тұрғындардың «тәртіпсіздігі» ай-күннің аманында ауыр жарақат алуына себеп болуда. Әрине, бұл жерде жүргізушілердің де жүгенсіздігін қаперден шығармаған абзал. Осы тұста, жол апатына бір ғана тарапты кінәлау қаншалықты дұрыс?
Қолда бар дерекке сүйенсек, 10 айдың ішінде 85 азаматқа хаттама толтырылған. Оның ішінде, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілері де бар. Кенттің бас көшелеріне бейнебақылау камералары қойылып, жүргіншілер мен жүргізушілердің жол жүру ережелері толық сабасына түсті деп айта алмаймыз. Талап пен тәртіп ортақ.
Ендігі кезекте сала маманына сөз берсек. Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Асылжан Пірімжанұлының да айтары бар.
– Биыл өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық саны артқан. Бұл мақтанатын жайт емес. Қазіргі таңда тұрақты түрде кенттегі «Нұрасыл» сауда орнының алдында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Оған қоса, белгіленбеген орыннан өткен жаяу жүргіншілерге ескерту жасалмайды. Оларға хаттама толтырылып 3 АЕК (7575 тг) көлемінде айыппұл салынады. Ал белгіленген орындардан жаяу жүргіншілерді өткізбеген автокөлік жүргізушілеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер 7 күн ішінде төленсе 50 пайызы қысқартылады. Сондай-ақ салынған айыппұлды 1 айдың ішінде өтемесе іс жеке сот орындаушыларына өтіп, олар түрлі жағдаймен өндіреді, – дейді полиция аға лейтенанты Асылжан Төребеков.
Аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілері 10 айдың көрсеткіші бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 600, 615-баптарына сәйкес 85 азаматқа хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Оның ішінде 11 автокөлік жүргізушісіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. Сондай-ақ кент бейнебақылау камерасы қойылғалы 2 айдың ішінде 18 адамға хаттама толтырылған.
Осындай олқылықтарды болдырмас үшін жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің арасында жолда жүру ережесінің мәдениетін қалыптастыру қажет. Оны әрбір азамат өзінен бастауы керек. Үйде ата-ана, мектеп те ұстаз және қоғамдық орындарда балаға жол жүру ережелерін сақтауды ескертіп отырса, өскелең ұрпақ бойында осы мәдениет қалыптасады.
Осы тұста, орынды сұрақ туады. Неге тұрғындар айыппұл төлеуге құмартып кеткен, қарапайым ережелерді сақтау қиын ба? Кент тұрғындары жол жүру ережелеріне бағынбайды немесе бағынғысы келмейді ме? Сұрақтың жауабын білмекке қоғамдық орындарға барып, тұрғындардан сауалнама жүргіздік. Тұрғындардың басым бөлігі «жан-жағымызға қарап, асығып өте саламыз ғой», «онда тұрған не бар?» бар деген сынды жауап қатты.
Кент тұрғыны Жармахан Нұрмағанбеттің де айтары бар. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Жаңақорғанда жолда жүру ережелері жөнге келген. Бұрынғыдай емес. Мәселен, бұрын «түркістандық» және «қызылордалық» жүріс деп бөлінетін көрінеді.
– Жасыратыны жоқ, Түркістан қаласына барсақ, көлік жүргізуге қорқатынбыз, ал қазір ол жақтағы тәртіп күшейген. Ретке келтірілген. Тәртіп бар. Жаяу жүргіншілерде жол ережелерін сақтап, тек белгіленген орындардан ғана өтетінін көріп, бізде де осындай тәртіп орнаса екен деп ойлайсың. Бір байқағаным, кенттегі Амангелді көшесіне камералар қойылғалы жаяу жүргіншілер белгіленген жерлерден өтіп, автокөлік жүргізушілері де жол беріп жүр. Бұл жақсылықтың нышаны, – дейді Жармахан аға.
Ал жаңақорғандық Бақыткүл апа қазіргі көлік тізгіндегендердің көбі жастар болғандықтан үнемі асығыс жүреді деп ренішін білдірді. Әсіресе немерелері мектептен қайтқанда қатты уайымдайтынын жасырмады. Уайымдайтын да жөні бар. Жаспын деп мастыққа салынып, жылдамдығын асыра сілтеу, бұл жақсылықтың нышаны емес. Бір сөзбен айтқанда, күре жолдың бойындағы ахуалды күрделендіріп отырған сіз бен біз. Ал, жол түзелді жолаушы сен де түзел!

Майра ҒАНИЕВА
09 қараша 2019 ж. 654 0