Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылордада жол ережесін бұзғандардан 180 миллион теңге өндірілді

Қызылордада жол ережесін бұзғандардан 180 миллион теңге өндірілді


Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында  полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев хабарлады.
Оның айтуынша,биылғы жарты жылда   жол қозғалыс ережесін бұзушылықтар бойынша барлығы 50 мыңнан астам құқық бұзушылықтар анықталып, 234 миллион теңге  айыппұл салынып, оның 180 миллион теңгесі өндірілді.
«Олардың ішінде, жол апатына тікелей әсер ететін автокөлікті мас күйінде басқарудың 821, қарсы бағытқа шығудың 197, жылдамдықты асырудың 6932, ұялы телефонымен сөйлесудің 2329, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 4281 дерегі анықталып, заңды шаралар қолданылды»,– деді Б. Ибраев.
Алты айда өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 58 пайызға өскен. Сәйкесінше, қайтыс болғандардың саны 69 пайызға, жарақат алғандардың саны 60 пайызға өскен.
Полиция полковнигі облыс көлемінде тіркелген жол-көлік жағдайларына талдау жасай келе, жол апатына тікелей әсерін тигізетін негізгі фактор жүргізушілердің салғырттығы және жолда жүру ережелерін сақтамаудан туындайтынын жеткізді.Мұнан өзге, жаяу жүргіншілердің ішінде  де, төрт мыңға жуық адамның жол жүру ережесін бұзу деректері анықталып, заңды шаралар қарастырылды.


Ескендір Ертай
25 шілде 2019 ж. 868 0