№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұялы телефонды дұрыс пайдалану жолдары

Ұялы телефонды дұрыс пайдалану жолдары

Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеңіз. Неге? Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындардың әсері өте күшті болады және адам ағзасына тез тарайтын көрінеді.???? Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеңіз. Себебі, өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.

Бұл құлақтың түрлі ауруларына әкеліп соғады. ????Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкіндік болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспаңыз, қолда ұстамаңыз, себебі, мұндай кезде телефонның магниттік күші көбейеді. Телефонмен ең көп дегенде 15 минуттай ғана сөйлесуге тырысыңыз. Одан асып кетпегені абзал. Түнде ұйықтаған кезде телефонды 1,5 не 2м алыс жерге қою керек. Себебі, электромагниттік толқындардың әсері күшті. Телефонды сөмкеде ұстайтын не қалтаңызға салатын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салыңыз. Адамдармен құлаққап арқылы сөйлесу – бұл телефонмен тікелей сөйлескенге қарағанда электромагниттік толқындардың аз таралуына бірден бір көмекші. Бірақ құлаққапты көп қолданудың да өз зардаптары бар. Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Бұл жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың не белдің ауырып тұратыны содан болады. Телефонды белде, кеудеге жақын жерде, әсіресе, шалбардың, пиджактың қалталарында ұстап жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянын тигізеді. Жүкті әйелдер телефонды қолданбауы керек, себебі оларға толқындар өте көп тарайды, үйде жабық ұсталуы қажет. Мүмкіндігінше балаларға телефонды бермеген жөн. Қоғамдық орындарда ұялы телефонның даусын бәсеңдетіп жүруді ұмытпаңыздар. Мұндай жерлерде дауыс көтермей, ақырын сөйлесу – мәдениеттіліктің белгісі. Әсіресе, қоғамдық көліктерде біреуді сыртынан суретке түсіру, мазақ ету – әдепсіздіктің көрінісі.
07 қараша 2019 ж. 1 669 0