№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Телефон қуаты тез таусылуының себептері

Телефон қуаты тез таусылуының себептері


Адам көңіл-күйін бұзатын бір сәт: сіз тез арада біреуге қоңырау шалуыңыз керек. Телефоныңызға қарасаңыз қуаты бар-жоғы екі-ақ пайыз қалыпты. Көңіл күйіңіз түседі, телефон қуаты таусылып қала беретіні үнемі кедергі келтіреді. Қуаттайтын жер іздеп әбігерге түсесіз. Таба алсаңыз "мешкей" телефоныңыздың қуатталуын біраз уақыт күтесіз.
Таба алмасаңыз өшті – бітті. Мұндай жағдайлар әрқайсымыздың басымызда болып тұрады. Төменде біз телефон қуатының не үшін тез таусылып қала беретінін айтып өтейік.
1. Сіз телефоныңызды үнемі 100 пайызға жеткенше қуаттайсыз ба? Бұл үлкен қателік дейді мамандар. Себебі телефон батарейкасының максимал қуаты 30 бен 80 пайыз аралығында болады екен. Біз телефонды қайта-қайта қуат көзіне жалғау оның батарейкасын істен шығарады деп ойлаймыз. Эксперттердің айтуынша, күніне бірнеше рет қуаттау батарейканың ұзақ уақыт қызмет етуінің кепілі болады екен.
         2. Үнемі телефон қуатын "қызылға" түсіріп жүру жақсы әдет емес. Телефоныңызды мұншалықты зорықтырмаңыз. Мамандардың айтуынша тек екі айда бір рет қана телефон қуатын 0 пайызға дейін пайдалану керек. Бұл профилактика үшін де қажет.
3. Барлық гаджет экстремал температураны жақсы көрмейді. Телефонды өте суық (нөлден төмен) және 35-тен жоғары температурада қолдану да оның батарейкасын тез істен шығарады.
4. Смартфонды арақашықтықтан тұрып қуаттау зиян. Ол батарейканы тез қыздырып жібереді.
5. Қуаттау кезінде телефоныңызды жұмсақ заттар үстіне қоймаңыз. Бұл да смартфоныңызды тез қыздырып, өрт қаупін туғызады.
6. Бәріміздегі әдет телефон қуаттау құрылғысын ұмыт қалдырып, орнына қажет кезде арзан қуаттау құрылғысын сатып алып пайдаланамыз. Арзан қуаттау құрылғылары смартфонды ұзақ қуаттайды. Нәтижесінде телефон қызады.  Бұл да телефон "өліп" қалуының бір себебі екен.

Дереккөз:  мassaget.kz
12 маусым 2018 ж. 1 285 0