№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАТЕРЛІ ІСІК ТУДЫРАТЫНЫ РАС ПА?

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАТЕРЛІ ІСІК ТУДЫРАТЫНЫ РАС ПА?

АҚШ ғалымдары ұялы телефондардан таралатын радиосәулелену егеуқұйрықтарда қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ғалымдар бір топ тышқан мен егеуқұйрыққа тәулігіне тоғыз сағатқа дейін радиосәулелену қаншалықты әсер ететінін зерттеп көрген.
Мамандар экспериментке қатысқан еркек егеуқұйрықтардың жүрек тамырларын қоршап тұратын тіндерінде ісік пайда болғанын атап өтті. Тышқандар мен ұрғашы егеуқұйрықтарда бұл әсер байқалмаған.
Сонымен қатар, егеуқұйрықтардың "жүрек бұлшық етінің белгісіз дертіне" шалдығу көрсеткіші артып кеткен.
"Зерттеу кезіндегі радиосәулеленудің қуаттылығы мен оның ұзақтығы ұялы телефонды ең жиі қолданатын адамдарға берілетін радиациямен салыстырғанның өзінде едәуір көп болды, сонымен қатар ол кеміргіштердің денесіне тұтастай әсер етті", – деп түсіндірді зерттеу авторларының бірі Джон Бучер.
Ол эксперименттің нәтижелерін адамдарға қатысты қорытынды жасауға пайдалануға ерте екенін атап өтті.
06 ақпан 2018 ж. 1 462 0