№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚ: «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛСЕ, ӨЗІҢНЕН БАСТА»

ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚ: «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛСЕ, ӨЗІҢНЕН БАСТА»


Бұл күндері тазалық мәселесі–күн тәртібінде. Жалпы, тазалық тақырыбы өзектілігін жоймайтын қағида. Қарапайым логикаға салсақ, екі айлық сенбілік науқанында он шақты мәрте сенбілікке шығамыз. Ең көп кездесетін қоқыс: полиэтилен пакеті, пластик құты, энергетикалық сусын шынысы. Сосын «Джин». «Жын» дегенде тура мағынасында түсініп қалмаңыз. Қарапайым пісте қорабы. Осы қоқыстың бәрін Шиелі не Түркістанның тұрғындары арнайы әкеліп тастауда десем, ақылға сыймайды. «Түркістан» дегеннен шығады. Тақырыпқа тұздық болсын. Сол көне шаһарда студент болдық. Сонда күнделікті таңертең көшеден көретін бір көрініс бар. Алашапанды ағайынның келіні таңмен таласа аула сыртын сыпырып жатады. Әрине алғашқыда бізге таңсық дүние. Курстас досым Дінмұхаммед Ташкенттің тумасы. Анығырағы Төменгі шыршық қышлағынан. Әңгіме болсын деп, жолай көргенді арқау етіп, Өзбекстандағы тазалық ахуалын сұраймыз. Сондағы бар айтқанын қайталап баяндайын. Ол Такшент шаһарында біздегідей мемлекеттік қызметкерлер мен жүк көлігінің қоқыс жинап, сенбілікке шыққанын көрмепті.  Ондағы қалыптасқан қағида бойынша тазалық әйелдерге жүктелген шаруа. Яғни, қала не қышлақ болсын келіндер қауымы памдат намазынан соң, сыпырғысымен аула мен көше жақ беткейді тазалауы үйреншікті үрдіс. Ешқандайда мәжбүрлік механизмі жоқ. Тек, тамылжыған таңғы тыныштықта сыпырғыштың сырылы ғана естіледі-мыс. Оған қоса, ауласын сыпырмаған үйдің қызына ешкім құда түспейді деген сарттың салты да бар екен. Егер келіндері өзі тұратын көшеден қоқыс көресе кәдімгідей бетін басып ұялады-мыс. Сосын алатақиялы ағайынның ауылында тазалық айлығы деген  науқан жоқ дейді. Яғни, жыл он екі ай жалғасын табады. Хош. Өзбекстаннан өзімізге оралайық. Біздегі көрініс. Көше беткейдегі үйден шығарған үйінділерін «әкімшілік» әлі әкетпеген бе деп үстіне тағы қоқыс қосып қояды. Яғни, көше тазалығы мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің қосымша жұмысы деген қағида қалыптасқан. Бұл мәселенің шешу жолы тікелей тұрғындарға байланысты. Түйсікке тазалықты мықтап сіңірсек. Бұл бір. Екіншіден. Асыл дінімізде жүргінші көп жүретін жолды, тынығып отыратын орындарды бүлдіру әбестікке жатады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз көпшілікке қарата: «Лағынетке ұшырағандар санатында болудан сақтаныңдар»,–деген. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, олар кімдер?»–дейді. Адамзаттың асыл тәжі(с.а.с): «Халық көп жүретін жол бойы мен адамдар көлеңкелеп отыратын тұстардды былғағандар»,–деп жауап береді. Түсінгенге таудай тәлім жатыр. Тек сана мәдениетін жаңғыртып, тазалыққа деген оң көзқарасты қалыптастыру ләзім. Ол үшін... «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деген нақыл сөзді күнделікті қолданысқа енгізу қажет.       

Әбдісамат ӘБДІШ       
25 наурыз 2019 ж. 1 656 0