№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңартылған оқыту бағдарламасына көштіңіз бе?

Жаңартылған оқыту бағдарламасына көштіңіз бе?


Бүгінде Қазақстан мектептері білім беру жүйесіне жаңартылған оқыту бағдарламасы енгізілді. Яғни, мұғалімдер 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға жаңартылған білім бағдарламасы арқылы сабақ беруде. Енді бұл жүйенің тиімділігі неде? Қандай артықшылығы бар? Соны анықтап көрген болатынбыз.


Алдымен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мәлімдемесінен бастасақ.
– Жаңа бағдарламаға көшуде оқушылар айтарлықтай өзгерісті сезінбейді. Әсіресе, 4-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен таныс. Өйткені 1-сыныптан бері сол бағдарламамен оқып жатыр. Оқу бағдарламалары бекітілген, балалар әр сыныпқа көшкен сайын жаңа бағдарламаны меңгереді, – деді бас ұстаз.
Бағдарламаның тиімділігі туралы ұстаздар жарыса айтуда. Инновациялық бағытта білім беретін №110 мектеп-лицейдің директоры Әділмырза Таждинов бұл жөнінде кеңірек тоқталды.
Жалпы білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу аясында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде келер жылы мектеп алды даярлық тобы мен 11-сынып та жаңа жүйеге көшеді.
– Жаңа бағдарламаны енгізу бала санасының жетілуіне мол септігін тигізеді. Оқыту мазмұнын өзгерту дегеніміз сабақ беру жүйесін еуропалық жүйеге ауыстыру. Бұл бағдарламамен тәлім алған бала төрт дағдыға қалыптасады. Жазылым, оқылым, айтылым және тыңдалым. Одан кейін, топтасып, жұптасып жұмыс жасауға үйренеді, өзін-өзі бағалап үйренеді. Ойын ашық жеткізе алады, командалық жұмыс жасауға бейімделеді, сыни көзқарас, сыни ойлау тұрғысынан қалыптасады.
– Ал сабақ беру жүйесінде қандай өзге­шіліктер бар?
– Бұл бағдарлама шиыршықталған әдіспен оқытылады. Мәселен, 5-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен сақтар туралы сабақ өтсе, онда барлық пәнде осы тақырып оқытылады. Бұл көлденең оқытылым әдісі. Ал, тігінен деген әдіс ол осы пән 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін оқытылады. Айырмашылық тек жыл сайын тарих мазмұны кеңейтіліп оқытылады. Айналып келгенде балаға керек тақырыптар бір арнада тоғысады, – деді мектеп басшысы.
Бұл әдіс негізінен ҰБТ-ға арнайылап жасалынып жатқаны түсінікті. Себебі, 5-сыныпта алған білімді бала бес жыл санасында ұстап тұра алмайды. Әрі, жоғары оқу орнына түскенде де тиімділігін көрсетеді. Екінші жағынан кітапқа деген қызығушылықты оятады.
Енді бағалау әдісіне келсек. Бұл жүйеде бала күнделікті бағаланып отырады. Мұғалім емес, бала өзін-өзі бағалап үйренеді, әрі топтасып, жұптасып бағалауға машықтанады. Бұл жеткіншек үшін өмірлік азығы деуге болады, өйткені болашақ жастар өзінің қоғамдағы орнын табуға, өзінің шынайы бағасы қандай екенін көрсете алады. Ең тиімдісі, бала сынды қабылдап үйренеді. Яғни, өзге топтың бағалауы әр оқушыны сыни тұрғыдан ойланып, қателігін түзетуге тәрбиелейді. Оқушы күнделікті, тарау және тоқсан сайын бағаланады, нәтижесінде алған білім осымен көрінеді.
Шыны керек, Кеңестік білім беру жүйесінде кейбір оқушылар баға алмақ түгілі сабақта сөйлемей өткенін бәріміз білеміз. Соның нәтижесінде қазіргі аға буын, кейбір жастар екі қолға бір күрек таппай жүр. Олар ұяң, өзі-өзіне сенімсіз, тәуекелшіл бола алмайды. Ал, бұл бағдарламада әр бала қамтылатын болады. Өйткені, әркім өз бағасын шынайы алады, оған берілген бағаны тіпті дауысқа салады. Міне сонда олардың оқуға, ізденуге, білім алуына деген ынтасы арта түседі. Келешекте осы буын мемлекетке қол жаймайтын болады, – деді ӘділмырзаТәждинов.
Рас, біздің ыстық ұядан қанат қаққанымызға он жыл болды. Сол кезде жұмған аузын ашпай көбісі қаладағы колледжге, басым бөлігі аудандағы қазіргі аграрлық-техникалық колледжге ауысып кетті. Сұхбат барысында аудандық білім бөлімінің бас маманы Ардақ Рыспанбетова бағдарлама жөнінде ой бөлісті.
– 10-сынып оқушылары үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні қосылды. Оның тиімділігі неде?
– Министрлік бұл пәнді оқыту оқушыларының алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдауына септесетініне сенімді. Біз де аптасына екі сағат осы пәнді оқытамыз. Өйткені бала осы бастан өзінің кім болатынын шешіп алуы тиіс. Міне, бұл пәннің тиімділігі осында, – деді мектеп басшысы.
Қорыта айтқанда, аңғарғандарыңыздай жаңартылған білім беру жүйесі баланың дұрыс тәлім алуына көп септігін тигізеді. Әсіресе, олар кез келген ортада өзін-өзі көрсете алады, неге қабілетті екенін білдіреді. Өзін дамытады, елдің экономикалық өсуіне үлес қосады. Біз жаңа бағрламаны осылай түсіндік, қалғаны уақыт еншісінде...

Әли ТЕМІРБЕК
17 қыркүйек 2019 ж. 1 061 0