№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңарған мазмұн – жаңаша талап

Жаңарған мазмұн – жаңаша талап


Биылғы Жолдау білім берудің барлық деңгейіне жаңартылған бағдарламаны күшейтуді тапсырды. Осы басымдыққа байланыты оқу жүйесі жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасап, балалар мен ұстаздарға тиімді оқу жоспары түзілді. Мұның бір көрінісін Н. Илялетдинов атындағы №169  жалпы орта мектебінде өткен «Жаңарған мазмұн –жаңа талап» атты семинардан аңғару қиын емес.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Шара барысында әлеуметтік педагог Жазира Сейперова жаңартылған мазмұнның семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинардың алғашқы шарасын 7-сыныпта метемматика мұғалімі Нұргүл Ибраимова  «Формула сокращенного умножения» тақырыбанда өрбітті. « Көңілді паравоз» тақырыбын арқау еткен шара  1-сыныпта өтті. Ән-әуез пәнінің жетекшісі Үрләй Мақұлбекова ерекше қарым-қабілетін көрсетті.Тарих пәнінің мұғалімі Жанар Әліпбаева 7-сынып оқушыларымен «Ақ Орда мемлекеті» тақырыбанда ашық сабақ ұйымдастырып, жаңартылған мазмұн бойынша жұмыс жасады. Елбасы басымдық берген бағыт бойынша «Что мы знаем о воде» ашық сабағын орыс тілді бастауыш сынып мұғалімі Этер Ибрагимова жүргізді. «Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Нейронның қызметері» тақырыбында өткен шарада оқушылар қызығушылықтарын білдірді. Қызықты деректермен жаңаша сипатта сабақ өрбіткен Ақжарқын Дүйсееваның шеберлілігі айқын байқалды.
Семинар барысында балалармен жұмыс жасалып қоймай, педагогтардың шеберлігін шыңдайтын шаралар ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде басқосқан аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұргүл Аширова, №169 жалпы орта мектебі директорының орынбасары Машарап Қошқаров, қазақ тілі пәнінің ұстазы Пернеш Дүйсебекова және жас тәлімгелер жаңа бағдарлама жайында әңгіме өрбітті.
Шара соңында №169 орта мектеп директорының кәсіби бағдар беру білімі бойынша орынбасары Роза Камалова: «аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Жолдауда ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп», –еді.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
19 ақпан 2018 ж. 1 507 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 07:44
Levitra Verschreiben Lassen Order Silagra Online levitra effets secondaires prix Cialis E Ipertensione Where To Buy Stendra Erectile Dysfunction Acheter Du Cialis Le Moins Cher

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 08:47
Zithromax Early Pregnancy Will Keflex Treat Gonorrhea cialis 5mg best price Symptoms Of Amoxicillin Overdose Erectile Dysfunction