Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕЗИДЕНТ КӘСІПКЕРЛІККЕ МӘН БЕРДІ

ПРЕЗИДЕНТ КӘСІПКЕРЛІККЕ МӘН БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының мәтініне бағамдау арқылы мәселелердің өзектілігіне, басымдықтарына қарай анықтама беруге болады. Жалпы стратегиялық құжатта саяси тұлғаның көз-қарастары мен ұстанымдарын анық тануға болады.
Жолдау мәтінін қамтитын бес бағыт тақырыптың әркелкілігін білдіргенімен оның өзегінде әлеуметтік мәселелерге екпін берілген. Мәселен, Жолдауда «әлеуметтік» сөзі барлық бес бағытта 35 жерде кездесіп, оның басым көпшілігі жалпы халықтың тұрмыс деңгейін оңтайландыруды түсіндіруге қолданылған. Конституция бойынша «әлеуметтік мемлекет» екендігімізді еске сала отырып әлеуметтік саясат мемлекеттің басты бағыты болып қала беретіндігін тілге тиек етеді. Бүгінгі қалыптасқан оқиғалар тізбегі де әлеуметтік саясатты байсалдылықпен жүргізу керектігіне тағы бір мәрте көз жеткізген секіәлді.
Президентті толғандыратын келесі мәселе – бизнестің өркендеуі. Шағын және орта бизнеске жасалған жеңілдетілген салық режимі мен құзырлы органдар тарапынан тексерістерден босату бизнесті алдағы үш жыл ішінде сауықтыруға жағдай жасайтын болады. Әрі бизнесті түрлі ықпалдардан қорғауды заңнамалық жетілдіру ұсынысы жаңа бастама ретінде қабылдануда.
– «Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын және микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді», – деді Президент.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны және рөлімен анықталады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес-дамудың негізгі көзі. Сондықтан Мемлекет басшысының шағын бизнестің дамуына мән беруі түсінікті-ақ.
Отандық кәсіпкерлерді алаңдататын негізгі мәселе – қосымша 5-пайыздық міндетті зейнетақылық төлемдердің енгізілуіне қатысты жауап берді.
«Сондықтан Үкіметке 5 пайыз көлемінде қосымша зейнетақылық төлемдерді енгізуді 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Содан кейін осы мәселеге ораламыз. Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері және сарапшылар нұсқаларды қарап, болашақ зейнеткерлер, сондай-ақ жұмыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, ортақ шешімге келуі керек. Үкімет Салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы тиіс. Бұл, негізінде қосымша салықтар», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шағын және орта бизнес тақырыбын жалғастыра отырып, шағын және орта бизнеске жасалатын рейдтік мәселе көтерілді.
«Осыған байланысты заңнамалық сипаттағы қосымша шаралар қажет. Парламент және Үкімет осы мәселенің шешімін ұсыну керек. Осы ретте көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды арттыру, капиталдарды шығаруға, салық төлеуден жалтаруға қарсы күресті күшейту қажет. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржылай қолдау жүйесін жаңа жобаларға басымдық беріп қайта ретке келтіру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін атап көрсетті.

Марлен НҰРТАЗАЕВ,
кәсіпкерлер палатасының
Жаңақорған аудандық филиалының директоры
14 қыркүйек 2019 ж. 806 0