Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі

Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі

Қазақстан президенті өңір басшыларына халықпен жиі кездесіп, елді мекендерді аралауға тапсырма берді
Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеңес басталды. Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Ақордадағы кеңес барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Соның ішінде президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді", - деп жазды баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.
Ақордадағы кеңес барысында президент мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тапсырма берді.





28 наурыз 2019 ж. 886 0