№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНІ КҮШЕЙЕДІ

ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНІ КҮШЕЙЕДІ


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен оты­ры­сында Жолдауын жолдап, елдің дамуында маңызды басымдықтарды айқындады. Яғни стратегиялық құжатта көрсетілген әлеуметтік жаңғырудың негізгі басымдықтары Қазақстанды өмір сүру деңгейі жағынан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосатын негізгі тетік екені анық. Осыған орай «Nur Otan» партиясы нақты бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізе береді.
Мемлекет басшысы Жолдауда қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәсе­лелерді қамтып, оларды шешу үшін нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, өңірлердегі жолдарды жөндеу, шағын және орта бизнесті қолдау және қоғамдық қауіпсіздік секілді мәселелер көтерілді. Сондықтан Елбасының ұсыныстарын бір реттік емес, керісінше жүйелі сипатқа ие деп айтуға толық негіз бар. Себебі, олардың әрқайсысының стратегиялық маңызы зор.
Партия Жолдаудағы басымдықтардың жү­зеге асырылуына жүйелі түрде қоғамдық бақы­лау жүргізеді. Тек бақылап қана қоймай, сол жұмыстарға тікелей қатысатын және соны қам­тамасыз ететін басты күшке айналады. Бұл – Елбасының бізге беріп отырған нақты тапсырмасы. Қажет болса олқылықтарды жергілікті атқарушы органдар мен Үкіметтің алдына мәселе етіп қойып, оның әрі қарай сапалы және уақытылы орындалуын талап ету, тиімді жолдарын көрсету, барлық істе табандылық таныту да партияның міндеті болып саналады.
Яғни барлық саяси партиялар және қоғамдық күштер мен мемлекеттік емес ұйымдар бірігіп, Елбасы ұсыныстарының мәні мен маңызын халыққа түсіндіруге атсалысып, аталған ұйымдар Жолдау басымдықтарын жүзеге асырудың тиімді тетіктерін анықтап, оны Үкіметпен бірлесіп атқаруға үлес қосуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, «Nur Otan» басқа да саяси партиялармен және мемлекеттік емес ұйымдармен күш біріктіріп, нәтижелі жұмыс жасауға мән беретін болады.
Жалпы Жолдаудың жүзеге асырылуына жүйелі түрде қоғамдық бақылау жүргізу тікелей міндеттіміз. Сондықтан партияның белсенді мүшелері қоғамдық қабылдауларды жүйелі жүргізіп, халықтың мұң-мұқтажына қарай жұмысты жалғастыра береміз.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
07 қыркүйек 2019 ж. 713 0