№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ – ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

Жақында Келінтөбе ауылындағы «Құралай» бөбекжайының ұйымдастыруымен аймақтық әдістемелік семинар өтті.

«Балабақшада ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, балалардың танымдық қабілетін арттыру» атты тақырыпты тереңінен тартқатқан семинарға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Мақпал Ермаханова, аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Фатима Тұртанова және Сыр беткейдегі барлық балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Партияның аудандық филиал кеңесшісі Мақпал Ермаханова: «Елбасы Жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігі айтылды. Ойлану негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден басталады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей ілуге баулу керек» деген болатын. Міне, осы бағыттағы ілкімді шаралар біздің қоғамда да көрініс табуы керек», – деді.
Жалпы, бала танымын қайтсек жаңа технологияларды пайдалана отырып жандандырамыз деген семинар соңында тәрбиешілер ұзақ жылдарғы тәжірибесімен бөлісіп, ортақ ой алаңында өзіндік пікірлерін өрбітті.

Ляззат ҚАЛДЫБАЕВА,
«Құралай» балабақшасының меңгерушісі.
27 наурыз 2019 ж. 961 0