Сюжеттік-рөлді ойындардың маңызы

Шеберлік сынып көрсеткен «Айгөйлек» ересектер тобының тәрбиешісі Әлия Бекмырза «М әріпі мен дыбысы», «Еркетай» ортаңғы топтың тәрбиешісі Индира Тұрабаева, «Айналайын» ІІ кіші сәбилер тобының тәрбиешісі Майра Сүлейменова «Үйшік ертегісі»тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Денешынықтыру нұсқаушысы Оспан Рақымжан ұлттық ойындардың ойнату ерекшелігін түсіндірді. «Мен креатив тәрбиешімін» педагогикалық шеберханада балабақша тәрбиешілерінің үздік қолөнерлері таныстырылды.
Динара ҮСЕНОВА