№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еңбегі елдің есінде

Еңбегі елдің есінде



      
«Адам еңбекте-алтын отта» танылады демекші қарапайым еңбегімен ауылдастарының ғана емес кезінде бүкіл ауданға,облысқа танымал болған тындырымды ісімен көптің мақтанышына айналып, құрметіне бөленген айтулы азаматтар аз болған емес. Міне, сондай қарапайым еңбектің иесі кезінде ауданда мал шаруашылығын дамытуда өзіндік орны бар, осы салаға қомақты үлес қосқан азаматтардың бірі-Қосүйеңкілік Рәш Мырзахметов.Уақыттың аласапыран кезінде дүние есігін ашқан Рәш ағада кезінде қиын кезеңдердің ащы-тұщысын көріп, ерте есейіп, өмірдің талабына сай еңбек етіп,жастық шақтың талайын алмағайып заманның көшімен өткізеді.
    Рәш Мырзахметов өткен ғасырдың 1924 жылында Ақүйік ауылдық кеңесіне қарасты «Ынтымақ» елді мекенінде, орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. 6 жасында мектепке барып 1942 жылы «Ынтымақ» жеті жылдық мектебін бітіреді. Бұл жылы ел басына күн туып,соғыс өртінің өршіп тұрған тұсы еді. Елде жаппай әскерге жарайтындар соғысқа алынып Отан қорғауға аттанып жатқан кез тұғын. Елдің басына түскен осы тауқымет тау мекендеген Ынтымақ ауылында айналып өтпеді. Шағын ауылдың әскерге жарар азаматтары бірінен соң бірі соғысқа аттанып жатты. Осы тұста 1942 жылдың қыркүйек айында Рәшта соғысқа алынып, алғаш Ашхабад қаласындағы 6 айлық сержанттық курста оқып,бөлімше командирі атағын алып, 1943 жылдың науырз айында Сталинавад қаласындағы әскери командованияға жіберіледі. Сол жерден 1943 жылы Украина майданына қатысып,талай мәрте кескілескен ұрыстардың қалың ортасында болып, бір шайқаста сол қолына оқ тиіп жарадар болып, госпитальдан бір-ақ шығады. Соғыс салған жарадан соң 1944 жылдың соңында елге аман-есен оралады.
     Бұл кездегі ауылдың жағдайыда, тіршілігіде сүреңсіз күйде еді. Азамат біткендер соғыстан оралмаған. Бүкіл тіршілік шаруа болса әйелдер мен кемпір шалдардың еншісінде еді. Бір оттың басы қара қағаздың қайғысымен қара жамылып  жатса, шал-шауқан болып, оларға басу айтып, көңілдерін жұбатып, қайғысына ортақтасып жатқан-тын. Елдегі осындай ауыртпалықты көзімен көріп,жанымен сезінген Рәшта келісімен, мүгедекпін деп қарап отырған жоқ. «Ынтымақ» колхозындағы байланыс қызметін атқарды. Зеректігінен болар ауылдан ұзап 1950-1951 жылдары Қазалы қаласындағы бір жылдық мал дәрігерлік курсын оқып алады. Оқудан соң өзі туып-өскен колхозында мал дәрігері болып қызмет атқарады. Сол тұстағы қоғамдық құрылымның өзгеруіне байланысты колхоздардың совхозға айналуы тұсында Рекең өзі сұранып «Бірлік» совхозының №3 фермасына шопан болып ауысады. Сол жылдардағы партия шақыруына үн қосу мақсатында, қой санын 50 миллионға жеткізу жолында, жыл он екі ай бел шешпей еңбек етеді.
       «Егінші жауында, малшы дауылда тыныстар» демекші Рәш аға мезгілдің төрт кезеңінде де дамыл таппай,отбасымен бірге шопандық өмірдің барлық қиындығын көзбен көріп, қолымен өткерген болатын. Шопан болған жылдарда №3 ферманың ғана емес, бүкіл совхоз, аудан алдын бермей озат атанып,жүлде басын бермеді. Адал еңбектің бағасы болар 1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1981 жылы 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталады. Мал шаруашылығын дамытудағы ерекше еңбегі үшін 1961 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Указы бойынша Мал шаруашылығының «Еңбек сіңірген шебері» құрметті атағы берілген. Бұдан өзге Бүкілодақтық жетістіктері көрмесінің алтын,күміс медальдарымен,облыстық және аудандық кеңестің,партия комитеттерінің грамоталарымен әлде неше рет марапатталған.
  Бүкіл ғұмырының қырық жылға жуығын шопандық кәсіппен өткізген Рекең еңбекте көш бастап,мал санын, басын өсіруде, одан алынатын өнімдерді молайтуда, соның ішінде төл алуда әр жүз саулықтан 170-190-нан төл өргізіп,жоғары жетістікке жетіп, өзара жарыстың көшін бастап жүрген.
   Еңбекте шыңдалған қарапайым жанның отбасыда береке мен шаттықтан кенде емес еді. Жұбайы Төреева Бейбіт екеуінен өрбіген 6 ұл,3 қыздары да әке мен шеше тәрбиесіне лайық азамат болып өсті.
   Бұл күнде Рәштен тараған ұрпақтардың бұтағы бір қауым елге айналған,немерелері 38-ге жетсе, шөбересі 62-ге жеткен. Барлығыда туған жердің тыныс-тіршілігіне араласып,әрқайсысы өз кәсібі бойынша жұмыс жасап келеді. Еңбекті бәріненде жоғары қоятын Рәш ұрпақтары бүгінде әке аманатына адал, тал бесіктегі тәрбиенің қасиетін түсірмей көптің үлгісіне айналып отыр.Соның ішінде Тұралы болса қара шаңырақтың отын өшірмей келеді. Қосүйеңкідегі шаруа қожалықтың төрағасы,жеке кәсіп иесі.
    Сөз соңында айтарымыз Ұлы Отан соғысының және бейбіт еңбектің майталманы атанған, кезінде мал шаруашылығының  «Еңбек сіңірген шебері» құрметті атағына ие болған Рәш Мырзахметовтың ел алдындағы еңбегін ескеріп, есімін есте қалдыру үшін аудан орталығынан бір көшеге атын беріп жатса, қарапайым еңбек адамына жасалған тірілердің құрметі деп білер едік. Ендігі әңгімені тиісті орындардың еншісіне қалдырдық.
Файзулла Сахиев
Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі 
Ауданның «Құрметті азаматы
»
23 тамыз 2019 ж. 696 0