№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сатыпалды Ділманұлы Ділманов

Сатыпалды Ділманұлы Ділманов

             
 1947 жылы 1 мамырда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Ақүйік ауылдық округіне қарасты «Қызылмақташы» (қазіргі таңдағы Қыраш ауылдық округі) елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келді. Орта мектепті тамамдағаннан кейін 1966 жылы Кеңес одағының Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып 1966-1969 жыл аралығында Өзбекстан Республикасының Қаршы қаласында орналасқан әскери бөліміне радиотелеграфист, радиостанция бастығы және байланысты біріктіру кезекшісі болып әскери қызметін атқарды. 1969 жылы Ресейдің Курган қаласындағы жоғары әскери-саяси авиациялық училищесіне түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін 1973-1986 жылдар аралығында әскери бөлімше және бөлім бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 1986-1991 жылдары Қырғыз Республикасының астанасы Фрунзе қаласында №15590 әскери бөлімшесінде әлеуметтік-экономикалық пәні бойынша оқытушы болып. 1991-1992 жылдары осы оқу орнының курсанттардың бастығының әскери-саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары және де сол жылдар аралығында Семей облысы әскери комиссариятының жеке құрамының мемлекеттік ұйымдармен қоғамдық бірлестіктер бөлімінің бастығының аға көмекшісі. Ал, 1992-2000 жылдары Алматы зооветринарлық институтының әскери кафедрасында оқытушы, аға оқытушы Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетінің әскери кафедрасының цикл бастығы болды. 2000-2003 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Гуманитарлық Заң университетінің әскери кафедрасының бастығының орынбасары болып, 2003 жылдың қараша айының Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. Полковник Сатыпалды Ділманов адал қызметінің арқасында, лауазымды бастықтардың рұқсатымен басқа да жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіншілік жасалынып, 1984 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1986 жылы Алматы жоғары партия мектебін үздік бітіріп шықты. Ол Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтарды» зерттеуге алғашқылардың бірі болып еңбек жазды. Республика аумағында еңбекпен түзеу жұмыстар лагерінің тарихымене олардың жұмыстары барысын жан-жақты зерттеді. Сатыпалды Ділманұлының қазіргі кезеңде Ресей Федерациясымен, қырғыз Республикасында және еліміздің көптеген ғылыми басылымдарында 70-тен аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Солардың ішінде маңызды басылымдары Қазақстан аумағындағы ОГПУ-НКВД-МВД СССР-дің еңбекпен түзеу лагері (ХХ ғасырдың 30-50 жылдары) және «Қазақстан жастарын Отан қорғауға дайындау» монографиялары. Сонымен қатар «Қазақстан тарихының көне заманнан бері ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейінгі» және «Қазақстан тарихының 20-жылдарынан қазіргі таңдарына дейінгі» оқу құралдары жалпы көлемі 92,0 бет болып жарық көрді. Полковник С.Д.Ділманов 2005 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтымен бірігіп құрылған диссертациялық кеңестің мүшесі С.Ділманов Отанымыздың іскері тарихын жан-жақты зерттеуін одан әрі. Әскери ғылымға қосқан зор үлесі үшін 2005 жылдың 17 желтоқсанында Ресей Федерациясының әскери ғылым Академиясы мүшелерінің жалпы жиналысында осы ғылыми атағы берілді. Ұлттық Қорғаныс университеті бастығының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымының докторы, Сатыпалды Ділманұлының профессор жоғары ғылыми атағын алды. Ресей Федерациясы әскери ғылым Академиясының академигі, Свечин атындағы сыйлықтың және «Құрмет» орденінің, кеңес одағының бірнеше орден медалдарымен марапатталған, отставкадағы полковник. Ол Отанымыздың тарихын зерттеудегі жұмыстарына және еліміздің қорғанысын әрі қарай нығайюына үлкен үлес қосып әскери ғылымдарды дайындау үстінде. Өткен жылы Ділманов Сатыпалдының 70-жасқа толған мерейлі мерекесі туған ауылы Қырашта және аудан орталығында және облыс орталығында аталып өтті. Елдің сый-құрметіне бөленді.
31 шілде 2019 ж. 799 0