№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған: 100 келі қоқыс пен 200 метр ау-сүзгіштерден тазартылды

Жаңақорған: 100 келі қоқыс пен 200 метр ау-сүзгіштерден тазартылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бастамасымен 17 тамызда «Аулардан таза су айдындары» экологиялық акциясы жер-жерде өткізілді. Оған жаңақорғандықтар да белсенді атсалысты. Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен ерікті табиғат жанашырлары «Жашыкөл» су айдынын заңсыз орнатылған аулар мен күл-қоқыстан тазартты. Оған Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов арнайы келді.
Жалпы Жаңақорған өзен-көлі мол, табиғаты әсем аймақтың бірі. Көктем келісімен өзен-көлдердің маңайында дем алғанды жөн санайтын тұрғын­дар көп. Олар тынығып қана қой­май, жағалау жолдарын ластап, қоқыстарын тастап кетуді әдетке айналдырған. Осы орайда жыл сайын ұйымдастырылатын «Аулардан таза су айдындары» экологиялық ак­ция­сының маңызы зор. Акцияның мақсаты – өзен-көлдерде қараусыз қал­дырылған балық ауларынан тазар­тып, жағалау аумақтарын жинау.
– Су және жағалау маңындағы аумақтар синтетикалық материал­дардан жасалған аулармен ластануда, олар ұзақ уақыт бойына шірімейді, оған түскен балық шыға алмай, өліп қалады. Балықтан басқа, ауларға су­да жүзетін құстар да ілінсе, шыға алмайды, нәтижесінде су айдын­дарының санитарлық жағдайы нашар­лайды. Бұл қоршаған табиғи орта мен су биоресурстарына үлкен зиян келтіреді. Өткізіліп отырған акцияның ерекшелігі осында, – дейді облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Исатай Әбдіразақов.
Жаз мезгілінде суға түсу, балық аулау көбейетіні рас. Бұл уақытта табиғатты бүлдіру етек алатынын да білеміз. Сондықтан да аталмыш акцияның су айдындарын таза ұстауда септігі мол.
– Шындығына келсек, өзендердің астын тазалау маңызды. Экологиялық санитарлық нормаларды сақтау, күл-қоқысты кез келген жерге тастамау, экологиялық тазалыққа шақыратын акциялар қоғамда кеңінен сипат алса. Алдағы уақытта да белсенді жастар, патриот азаматтар осындай шараларға үн қосып, тазалыққа жауапты екенін сезінсе мақсатымыздың орындалғаны, – дейді аудандық орман және жануар­лар дүниесін қорғау мекемесі дирек­торының орынбасары Бақытжан Абдусаметов.
Мамандардың сөзінен ұққанымыз Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы Заңының» 32-бабы 3-тармағы 4.3-тармақшасына сәйкес тыйым салынған балық ресурстары мен басқа су жануарларын аулау құралдарын, соның ішінде синетикалық моножіптен жасалған ауларды сатуға тыйым салынған.
Осылайша Жашыкөл көлін тазар­туға орман және жануарлар дүние­сін қорғау мекемесі мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қызмет­керлері және бес волонтер, барлығы 35 адам, 10 техника мен 3 қайық жұмылдырылып, 100 келі қоқыс пен 200 метр ау-сүзгіштерден тазартылды. Бұл – Жашыкөл көлін бір сәт жағалап жүргендегі нәтиже ғана.
Ескерте кетсек, елімізде өзен-көлдерге ау құруға қатаң тыйым салынған. Ол браконьерлікке жатады. Сондай-ақ су жағасында балық аулап, демалушылар тамақ қалдықтарын жинап, өздерімен бірге алып кетуі тиіс. Әйтпесе, қоршаған ортаға тигізген зияны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуіне тура келеді.
Жаз басталысымен тұрғындар таби­ғат аясына шығып дем алады. Бірақ бұл соңын жинамай кету дегенді білдірмейді. Табиғатты бүл­діру осындайдан басталатынын ұмыт­­пасақ екен. Сондықтан дема­лыс ұйымдастырғанмен әр адам қалдықтарын арнайы орынға жинап немесе қоқыс тастайтын жерге тас­талса әуелі қоршаған ортаға, содан соң өзіне жасаған қамқорлығы, жақ­сылығы болмақ.

                                                                                                                                                Лаура БИБАСАРОВА
21 тамыз 2019 ж. 1 179 0