№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Экологиялық эстафета тазалыққа бастайды

Экологиялық эстафета тазалыққа бастайды

«Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясын ең алғаш ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған болатын.

Артынша эко-челленджді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдайтынын жеткізіп, Twitter желісіндегі парақшасына былай деп жазба қалдырды: «Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге – Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #BirgeTazaQazaqstan». Міне, осы бастаманы жаңақорғандықтар да қолдайды. Оның дәлелі деп, бүгінге дейін аудандық әкімдік аппараты мен ішкі саясат бөлімінің, Нұр Отан партиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған сенбілікті айта аламыз. Ал күні кеше бұл акцияға «Шалхия Цинк» ЛТД мамандары жұмыла күш салды. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қоқыстарды жинап, 40 тонна қоқысты полигонга шығарған шахталықтар қоғамға қамқорлықтың нақты үлгісін көрсетті.
«Бірге таза ел үшін», «Бірге таза жер үшін». Осындай қанатты сөзбен жігерленіп, ұрандатқан «Шалқия Цинк» ЛТД-ның 50 маманы #BirgeTazaQazaqstan баннерін қолға ұстап, тазалық мәдениетіне деген көзқарасын білдірді. Ең әуелі сөз алған «Шалқия Цинк» ЛТД компаниясының бас директоры Асқар Амангелдіұлы:
– Тазалық – саулық негізі. Адам мен табиғат егіз ұғым. Туған жердің ауасымен тыныстап, топырағына табан тіреген әрбір жанның азаматтық борышы – ағаш кесу, тазалыққа үлес қосу. Сондықтан біз де үкімет басшысынан басталған экологиялық акцияға үлес қосуды азаматтық міндет санадық. Осы эстафетаны көршілес компаниялар «Байкен-U», «Қызылқұм» ЖШС және барлық мекемелер мен тұрғындарға жолдаймыз, – деді.

Расында, қоршаған ортаға деген қамқорлық жоғары болуы тиіс. Сырдария жағалауын тазалауға атсалысқан 50 адам политэленді пакеттер мен қажетсіз жөргектерді (памперстер) көптеп кездестірді. Әсіресе, қоқысқа айналған тұрмыстық заттарды орман ішіне төге берген тұрғындардың оғаш қылығы қарын аштырарлықтай. Осындайда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «тазалық ұдайы жинастырылатын жерде емес, ластанбайтын жерде сақталады» деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Қысқасы, 50 маман, екі жеңіл көлік пен 1 самосвал, 1 тиеп-тасығыш техника жұмыл­дырылған экологиялық сенбілікте 40 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді. Осылайша, сала мамандары табиғат пен адамның егіз тіршілік екенін жеткізіп, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.
****
Енді ауданда тазалық акциясына үлес қосқан нұротандықтар мен жасотандықтарға тоқталсақ. «Нұр Отан» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаевтың басшылығымен «Жас Отан» жастар қанаты аудандық штаб жетекшісі Мұхтар Шаханов кенттің жастарын ұйымдастырып, дария маңын жинауға атсалысты.
– Тазалық – қоғамға басты қажеттіліктің бірі. «Мен өз елімнің шынайы патриотымын» деп санайтын әрбір адам баласы өз ортасын сыйлап, қоқыстан арылтып, табиғатқа мейіріммен қарау керек. Сондықтан тазалық акциясына атсалысқан «Жасыл Ел» жастар жасағы мен ерікті жастарға алғыс айтамын, – дейді жастар жетекшісі.
Иә, тазалық – өркениетке қол созған озық елдің басты ұранына айналуы тиіс. Бәрінен бұрын, ұлт саулығы мен табиғаттың тепе-теңдігін сақтауда тазалық мәдениеті қажет-ақ. Сондықтан, Жер – ананың әрбір тұрғыны қоғамға қамқорлық танытып, тазалыққа мән бергені абзал. Жастар жетекшісінің салиқалы сөзінен біз осыны ұқтық.

Ханзада ДОШАН
---
10 тамыз 2019 ж. 1 066 0