Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ӨРКЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

САЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – ӨРКЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Салық – елді өркендету үшін төленетін төлем. Салық – бұл мемлекеттік қаржының құрылуының қайнар көзі. Бір сөзбен айтқанда, салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан салық өндіру қызметіне талап арта түсті. Бұл бағыттағы аудандағы ахуал қандай?

  Айта кету керек, 2018 жылдан бастап 2 мыңнан аса халқы бар ауылдық округ, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Салықтық түсімдер ауыл бюджетінің еншісіне өтті. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру арқылы ауыл әлеуетін арттыру көзделді. Қазір Жаңақорған ауданында дербес бюджеті бар 9 ауылдық округ пен 2 кент бар. Олар жергілікті қоғамдастық кеңеспен ақылдаса отырып, салықтан түскен қаражатты ауылдың қажетіне жаратуға құқылы. Осыны түсінген ауыл тұрғындары салық жинауға сергектік танытқанын байқаймыз. Мұны аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінен анық аңғардық.
– 2018 жылдың қорытындысымен ауылдық округтердің алды 126 процентке артық орындаса, кейбір елді мекендер салыққа салғырт қарады. Ал, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында барлық ауылдар белгіленген салық мөлшерін уақытылы орындай алды. Тек қана Қожакент ауылы ғана 84,9 процентті көрсетіп тұр, – деді басқарма басшысының орынбасары Талғат Мұстафаев.
Иә, былтырғы жылдың қорытындысымен салық өндіруден үздік бестікке енген Қожакент ауылы екінші жартыжылдықта үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдеміз. Иә, төртінші деңгейлі бюджетке көшіп, салық жинауды өз қолдарына алған ауылдар алдағы уақытта ауыл келбетін көркейту үшін салықтан түсетін төлемді қауымдастық арқылы жұмсауға құқылы. Десе де, кейбір ауылдар қауымдастық мәселесінің көңіл-күй мәз емес.
Енді салық динамикасының өсімі қалай? Осыны саралап алсақ. 2017 жылы мемлекеттік бюджетке 160 млрд.теңге көлемінде кіріс жиналыпты. Бұл жалпы республика бойынша ел қазынасына құйылған қаржы көлемі. Ал, Жаңақорған ауданы бойынша 2 млрд. 117 995 теңге салық өндірілсе, былтыр бұл көрсеткіш 107 процентке өскен. Яғни, жиналған қаражат көлемі – 2 млрд. 259 892 теңгені құраған. Демек, жыл сайын өсім байқалып келеді. Ал, биылғы жоспар қандай?
– Биыл да белгіленген межені толық игеріп шыға аламыз деген жоспардамыз. Өйткені, аудан әкімінің жүйелі жұмыстарының нәтижесінде халықтың салыққа деген мәдениеттілігі артып келеді. Оның үстіне, кәсіпкерліктің дамуы да оң әсерін тигізетіні анық. Көлеңкелі экономикадан арыла алмасақ та, кәсіпкерлікке тіркеліп, салық төлеп жатқандар саны артты. Соның нәтижесінде, биыл да жоспардан шығамыз. Мәселен, бірінші тоқсанда жергілікті салықтарды төлеуде, оның ішінде жер салығы 103,3 пайыз, мүлік салығы 43,5 және көлік салығы 242,8 пайызға орындалып тұр, – деді мекеме басшысының орынбасары Талғат Мұстафаев.
Салық мәдениеті демекші, халықтың салық мәдениеті қалыптасуы – мемлекет дамуының негізі. Осыны тұрғындар терең түсінсе дейді салықшылар.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «біздің санамыз ісімізден озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деген ойды алға тартты. Демек, санамызды жаңғыртуымыз керек. Сондықтан, кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзып, табысын жасырып, салықтан жалтару мақсатында түбіртек бермеу әрекетіне бей-жай қарамау керек. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері халыққа үлгі болып, осы іске ұйытқы болғаны дұрыс. Мәдениеті жоғары елдің мәртебесі қашанда биік қой. Сондықтан, бізге адами қарым-қатынаста да, қаржылық сауатты¬лықта да, рухани-мәдени салада да мейлін¬ше мәдениетті болуымыз міндет, – деді мекеме басшысы Берік Ниеталиев.
Енді заңға енгізілген өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсек. Иә, қазір барлық жүйе электрондық бағытқа көшті. Қазір кәсіпкерлікке тіркеліп, салық төлеу электронды түрде жүзеге асады.
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жинақтық төлем енгізілуде. Оның өзіндік шарттары бар. Қазір салықтық өтініштерді қағаз жүзінде емес, үйде отырып cofd.kz сайты арқылы ала алады. Ең бастысы, қағазбастылықтан құтылады, әрі уақыт жоғалтпайды, – деді бас маман Жасұлан Ергешов.
Елбасы Жолдауындағы тапсырма бойынша негізгі міндет – көлеңкелі экономиканы барын¬ша азайту. Осы бағытта Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16-шы ақпандағы №206 бұйрығымен Қазақстан аумағында жұмысын жүзеге асыратын салық төлеу касса машиналарын қолдану қызметін төрт кезеңмен атқару міндеті бекітілді. Яғни, жаңа үлгідегі кассалық аппараттарға 2019 жылдың 1-сәуірінен бастап 323 қызмет түрі енгізіледі. Ал, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері онлайн кассаға көшірілсе, 2019 жылдың 1-қазанынан бастап 224 қызмет түрі осы үлгіге көшуі тиіс. Нәтижесінде кассалық аппараттар 633 қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетуге қабілетті болады. Мекеме жыл басынан бері салық төлемгерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 281 бабында бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу бойынша алдымен ескерту жасалады. Заңды тұлға бір жыл ішінде қайталаған жағдайда – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға әкеп соғады. Қазіргі кезде АЕК шамасы 2525 теңгені құрайды. Отыз мың теңгеден астам айыппұл төлегенше заңды тұлғалардың 21 мың теңгеге кассалық есеп машиналарын сатып алып, ресми тіркелгені өзіне де қолайлы.
Жалпы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің жартысын өндіріс ошақтары құяды. 2018 жылы аудан бюджетіне түсетін салықтық түсімдер 101,3 пайызға орындалса, оның ішінде 49,6 процентін өндіріс орындарының қаржысы құраған. Мәселен, өткен жылы өндіріс орындарынан аудандық бюджетке 1 244 199 000 мың қаржы салды. «БАЙКЕН-U» – 15,6 процентін, «Қызылқұм» ЖШС «Хорасан-І» кеніші – 20,9, «СКЗ-U» ЖШС – 9,9 және «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ – 3,4 процентін құрайды. Өндіріс орындары салық төлеуге сергек қарап, уақытылы төлеп тұрады, – деді жауапты мекеме.
Қорыта айтқанда, жыл сайын салық өсімінің артуы аудан экономикасына оң әсерін тигізуде. Әсіресе, кент келбетінің кемелденуіне үлкен мүмкіндік береді. Ең бастысы, қазынадағы қаржыны тиісті жұмсай алсақ, онда қала көркі бүгінгіден де көркейе түсері анық...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

21 мамыр 2019 ж. 2 419 35

Alvinven от 21 қыркүйек 2025 22:05
Выбор косметологического оборудования — ответственный этап в развитии красоты. Сначала стоит определить задачи и услуги, которые вы планируете оказывать. Важно изучить разрешения и производителя выбранного аппарата. Комментарии прошлых клиентов помогут принять уверенный решение. аппарат для SMAS-лифтинга цена Также необходимо обратить внимание на набор функций и простоту использования. Первая демонстрация оборудования позволяет понять эффективность работы. Стоит также проанализировать тарифы и сервисное обслуживание. Грамотный выбор техники поможет повысить качество процедур.

AndrewAdvem от 25 қыркүйек 2025 17:29
When participating in i-gaming, it is crucial to define boundaries on your activity. Safe gaming means keeping track of your hours and spending. Always be aware to play for fun rather than a profit tool. Use the responsible play features many platforms offer to help you stay on track. It’s wise to pause regularly and review your gaming habits. https://jobs.landscapeindustrycareers.org/profiles/7180745-den-aviatorshik Ask for support or advice if you feel overwhelmed with your play. Discussing your gaming limits with friends or family can improve your self-awareness. Through practicing safe gaming, you benefit from i-gaming while preserving your balance.

Michaelpew от 5 қазан 2025 15:22
Современное техническое оснащение играет значительную часть в диагностике и поддержке пациентов. Клиники всё чаще используют передовую аппаратуру. Это позволяет докторам делать быстрые диагнозы. Новые приборы гарантируют надёжность и для больных, и для медиков. https://i38.ru/obschestvo-potrebitel/vrachi-interes-k-visokointensivnoy-magnito
terapii-rastet Использование высоких технологий способствует результативное лечение. Часто устройства включают функции для детального мониторинга состояния здоровья. Специалисты могут своевременно действовать, основываясь на данных аппаратуры. Таким образом, современное медицинское оборудование повышает качество лечебного процесса.

RichardBoymn от 27 қазан 2025 18:28
Поиск digital-агентства — ключевой этап в продвижении бренда. До того как заключить договор, стоит проверить портфолио выбранного партнёра. Компетентная команда всегда действует на основе исследований и учитывает цели клиента. Стоит убедиться, какие инструменты использует агентство: контекстная реклама, брендинг и другие направления. Положительным сигналом Vzlet Media является прозрачная отчётность и реальные цели. Отзывы клиентов помогут понять, насколько качественно агентство выполняет задачи. Лучше не выбирать по дешёвым предложениям, ведь качество работы зависит от опыта специалистов. Взвешенный выбор digital-агентства поможет укрепить позицию и увеличить прибыль.

Peterlix от 7 қараша 2025 12:56
Получение второго паспорта за границей становится всё более востребованным среди жителей России. Такой статус открывает дополнительные перспективы для жизни. ВНЖ помогает беспрепятственно путешествовать и избегать визовых ограничений. Помимо этого наличие второго статуса может повысить финансовую стабильность. ВНЖ Испании Большинство граждан рассматривают возможность переезда как инструмент защиты. Получив ВНЖ или второй паспорт, человек получить образование за рубежом. Разные направления предлагают разные условия получения статуса резидента. Поэтому идея второго паспорта становится приоритетной для тех, кто думает о будущем.