№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАҒАЛАЙ БІЛГЕНГЕ БИЛБОРД ТА ТАБЫС КӨЗІ

БАҒАЛАЙ БІЛГЕНГЕ БИЛБОРД ТА ТАБЫС КӨЗІ

Бүгінгі таңда ауданда қалыптасқан бюджеттің төртінші деңгейіне көшкен 2 кент, 9 ауылдық округ бар. Бюджеті дербес ауылдарға салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, және шығындардың 19 бағыты берілген. Ауыл тайқазанының түсімі артуына тікелей менеджерлік қызметке мамандаған әкімнің қызметі зор. Әлгінде айтқан салық түсімінің бірі – көшедегі автомобиль жолдары бойына сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төленетін төлемақы жатады. Біз бүгін бағалай білгенге билборд та табыс көзі екенін тақырыпқа арқау еттік.

Ақпараттық тұғырнама – нағыз насихат құралы. Елбасының Жолдауы мен стратегиялық бастамалары, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеңіл түрде түсіндіруде таптырмас дүние. Одан қалса, таутұлғалы азаматтардың мерейтойлық мерейін асыратын да осы баннер. Күнделікті мінетін көлігіміз такси болғандықтан жиі байқаймыз. Көпшілік жүргізушіге «плакаттың» қасынан тоқтаңызшы деп жатады. Жасыратыны жоқ, біз әлі табыс таппақ түгілі, сөз етіп отырған билбордтың атауын дұрыс білмейміз. Негізі бастаған кәсібіңіздің өрге домалуына жарнаманың орны ерек. Десек те, кент орталығындағы ақпараттық тұғырнамаға ақылы түрде жарнама ілудің нақты теңгесін таппадық. Кент әкімдігіне хабарласқанымызда бірінші кезекте кент әкімінің атына өтініш толтырады екен. Соның ішінде, баннердің өлшемі нақты жазылуы тиіс. Соған қарай, теңгесі шығады. Ал, жарнама мәтіннің мазмұнына аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жауапты. Кәсіпкер жазған жарнамасының мәтінін әуелі қос бөлімге көрсетеді. Соңыра, баннердің қаржысын АЕК бойынша есептеп, Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарамасына төлейді. Осымен тәмам. Ендігі жарнамаңызды ақпараттық тұғырға ілуге әбден болады. Көбіне байқап жүргендей, жарнама баннері кенттегі «Аркен» сауда орталығы алдындағы тұғырнамада тұрады. Әрине, одан бөлек аумақтарға орналастыруға болады. Айтпақшы, жеке қаржыңызға шығаратын билбордтың теңгесін есептейік. Оны кент орталығындағы «Қанат-Жарнама» орталығының басшысы Қанат Мұхтаровтан білдік. Жас кәсіпкердің айтуынша, көше бойындағы баннердің көлемі 4м х 2.5м. Бағасы – 10 мың теңге болды.
– Бұл кәсіппен айналысып келе жатқанымызға бірнеше жыл болды. Сондықтанда болар, өзіміздің тұрақты тұтынушыларымыз қалыптасқан. Жалпы, жақсы баннер жасау кәсіби дизайнердің қолынан шығады. Ол үшін CorelDraw, Photoshop секілді графикалық бағдарламаларды терең меңгерген абзал. Бұл бағытта өзімнің бауырларым аталмыш бағдарламаларды мықты меңгерген. Тұтынушының талғамына сай баннер біздің борыш, – дейді Қанат Мұхтаров.
Белгілісі жергілікті кәсіпкерлер ақпараттық тұғырнамаға аса қызығушылық таныта қоймайды. Әйтпесе, қалалық жерлерде жарнамасыз күнің жоқ. Ілінген ақпараттың күндігіне 20-30 мың теңгеңді қағып алады. Әсіресе, ЛЭД экранның дәурені жүріп тұр. Яғни, бұл заманауи ақпарат тақтасы табыс көзіне айналған. Сөзіміз дәйекті болу үшін көршілес Түркістан қаласындағы LED экранға жарнама беру үшін арнайы орталыққа хабарластық. Білгенімізді бөліссек. Жарнама беру 1 айға 40 мың теңге. Әрбір 2-2,5 минутта 10 секунд көрсетілім болады. Сонда күніне 17 сағат жұмыс уақытысында 400 мәрте сіздің жарнамаңыз көрсетіледі. Ал, егер бейнеролик 15-20 секундтық уақыт болса 60-70 мың теңге деп жоғарылай береді. Әрине, жарнаманың жақсы болғаны, кәсіптің де өрге дөңгелеріне кепіл. Дейтұрғанмен біздегі алып экранның жарнамадан түсіруге болатын «қаржы көздігі» қаңырап тұр. Не десекте, сыртқы жарнамаға қатысты салық түсімінің бұл түрі әзірге кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық танытпай тұрғаны жасырын емес. Сондықтанда жарнаманың өзіне «жарнама» керек-ау шамасы.

Әбдісамат ӘБДІШ.
12 ақпан 2019 ж. 1 313 0