№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДЕРБЕС БЮДЖЕТ: АУЫЛ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ МА?

ДЕРБЕС БЮДЖЕТ: АУЫЛ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ МА?

   2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде 2 мыңнан астам халық тұратын селолық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілген болатын. Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдер ауыл бюджетіне берілді. Заң күшіне енгелі тура 1 жыл толды. Еншісін алған елді мекендердің бүгінгі ахуалы қандай? Бюджет бүйірін толтыра алды ма?
Біз осыны зерттеу нысанына алдық.


   Әуелі статистикалық мәліметті сөйлетсек. Қалыптасқан бюджеттің төртінші деңгейіне көшкен Сыр өңіріндегі 65 ауылдық округ бюджетінің жылдық жоспары 1 млрд. теңгеден асады. Бұл – 2018 жылдың қаражаты. Хош. Облыс­тан ауданға ойыссақ. Жаңақорған ауда­нында дербес бюджеті бар 2 кент, 9 ауылдық округ бёёар. Бұған дейін ауданның беретін қаржысына талғажау етіп, қас-қаба­ғына жаутаң-жаутаң қарап келген туажат ауылдардың ендігі өзінің тайқазаны бөлек. Осы­лайша, менеджментке білек сыбана кіріскен әкімдер бір сәтте менеджерге айналды. Десе де, журналистік зерттеу барысында түсінгеніміз, аталмыш 11 ауыл қарашаңырақтан толыққанды еншісін алды деуге келмейді екен. Өйткені, өз бюджеті өзінде болғанымен әлі күнге аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мамандары әрбір ауылдың бюджеттік өтінімін түзіп, сессиясын өткізіп, халық қалаулылары алдында қорғап, қаулысын шығару жұмысын үйлестіріп жүр. Негізі бұл міндетті ауыл менеджерлері өздері жасау керек-ті. Оған қоса, жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджетінің кіріс бөлігі меншікті кірістерден, аудандық бюджеттің субвенциялары және жоғары тұрған бюджеттердің нысаналы трансферттерінен тұратыны белгілі. Бұл жөнінде бізге толығырақ мәліметті аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметғали Қасқабаев айтып берді.
– Бүгінгі таңда ауыл әкімдеріне жүктелер жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Сонымен қатар, дербес бюджетке жиналған қаржыны шашпай-төкпей, елді мекеннің қажетіне жұмсауда ауылдағы қоғамдастық кеңестің де атқарар рөлі айрықша. Мәселен, 2018 жылы 11 ауылға қаралған бюджет көлемі 2 млрд. 558 млн. 193,7 мың теңгені құраса, оның ішінде ауыл әкімдіктерінің жоспарлы жинауы керек салығы 122 млн. 71 мың теңге. Алғашқы жылдың нәтижесі жақсы. Өткен жылы ауыл әкімдері 139 млн. 123,6 мың теңге жинап, 113,7 пайызға артық орындады. Ал, биылғы меже 135 млн. 185 мың теңге. Қалғаны аудандық бюджеттің субвенциялары. 2018 жылы аудандар арасында түсімдері бойынша Жаңақорған Шиеліден кейін екінші орынға жайғасты. Осы тұста, айта кетерлігі, Қазалы төртінші деңгейлі дербес бюджетке көшкен 4-5 ауылымен біздің 11 ауылдық округпен бірдей салық түсімдерін жинады. Яғни, салықтық түсімдермен жұмысы жемісті деген сөз, – деді сала басшысы Ахметғали Базарбайұлы.

АУЫЛ ТАЙҚАЗАНЫНА ТҮСІМ ТҮСІРУДІҢ ТЕТІГІ ҚАНДАЙ?

   Сондай-ақ, А.Қасқабаев сөз арасында ауыл­дық округ әкімдеріне тәртіп бұзған тұрғындарға 13 түрлі айыппұл салуға мүмкіндіктері бар екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыс кісі қуанарлық еместігін жеткізді. Яғни, әкімдер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік айыппұл салу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 17-бабымен жұмыс жасай алады екен. Бұл да – қосымша кіріс көзі. Алайда ауылда ағайын­гершілік түсінік қалыптасқандықтан айыппұл арқалату әзірге мардымды болмай тұр. Оған қоса, көлік салығы мен ақпараттық тұғырға ақылы жарнама ілу жағы да кемшін екен. Егер де осындай ауыл тайқазанына табыс түсіретін тетіктерді жандандырса, ауыл экономикасы да гүлдене түсер еді. Сала басшысы көлік салығына қатысты қаратөбелік меценатты мысалға келтірді. Көлік қозғалтқышы 3-тен жоғары қос темір тұлпарына жылына 700 мың теңге көлік салығын төлейтінін тілге тиек етті. Міне, мұндай салмақты да соңғы үлгідегі шетелдік көліктер кент орталығы мен ауылдарда да бар екенін білеміз. Бұдан бөлек, ауылдық округ бюджетінің бүйірін толтыратын салықтық және салықтық емес түсім түрлерін айта кетсек. Бірінші, төлем көзінен салық са­лынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы. Екінші, жеке тұлғаның мүлік салығы. Үшінші, жеке және заңды тұлғалардың елді мекендеріндегі жер салығы. Төртінші, әкімдер белгілеген айыппұлдар. Бесінші, жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары. Алтыншы, коммуналдық меншіктен түскен табыс. Жетінші, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер. Сегізінші, коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесі бойынша кірістер. Соңғысы, өзге де салықтық емес түсімдер.
   Негізі өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдері, аппарат қызметкерлерінің бюджетті жоспарлау және бюджет шығысы, салық төлеу, мемлелкеттік сатып алу мәселелері бойынша біліктілігін арттырған. Оларға коммуналдық меншік және дербес бюджет енгізу бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылған. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейде 7-8 мәрте дербес бюджетке қатысты ауыл әкімдері арнайы мамандардан қаржылық есеп-қисаптың қыр-сыры мен ұйымдастырушылық және құқықтық саладан дәріске қатысқан.
Бюджетті жоспарлау бағытында ұзақ жылдарғы еңбек өтілі бар экономист Жамур Мүсілім дербес бюджетке қатысты өзге аудандардың тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, Қазалы ауданында өткен жылдан бастап ауыл әкімдері өздері бюджеттік өтінім жасап, сессиясын өткізіп, қаулысын шығаруды бастап кетіпті. Ал, көршілес Шиелі ауданы биылдан бастап елдімекендердің толыққанды еншісін беріп, бюджеттеріне қатысты міндеттемелерді өздеріне тапсырған. Қармақшы мен Жалағаш біздің аудан секілді бақылауда ұстап, үйлестіру жұмыстарын жауапты сала мамандары жүргізіп келеді екен. Осылайша, еншісін алған елдімекендер енді-енді бейімделіп, қалыптасу жолына бой түзеп келеді.
 Түйіндей айтқанда, «бірлескен істе береке бар» деп дана қазақ бекер айтпаған. Алдағы уақытта ауыл әкімі мен қоғамдастық кеңес мүшелері ортақ пікір аясына топтасып, ауыл үшін маңызды мәселелердің түйінін тарқатуда тындырымды тірліктер атқаруды жолға қойған абзал. Сондай-ақ ауыл қазынасының қомақты болуына үлес қосатын салық саясаты – әлеуметтің әлеуетін арттыруда үйлестіруші рөл атқаратыны айқын. Яғни, ауыл-аймақтың қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуына тығыз байналысты. Сол үшін әкімдік қызметтен менеджерлікке маманданған ауыл басшылары барынша салық түсімдерін молайтатын маңызды міндеттерді жандандырса игі.


Әбдісамат ӘБДІШ.

15 қаңтар 2019 ж. 1 043 1

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 01:47
Meilleur Cialis Generique Alli Ordering In Canada Grand cialis 20mg price at walmart Viagra Wirkung Bei Gesunden Amoxicillin Company Affitto Levitra Originale