№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салық төлеу: міндет пен мүмкіндік таразысы

Салық төлеу: міндет пен мүмкіндік таразысы

2018 жылдан бастап 2 мыңнан аса халқы бар ауылдық округ, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. Салықтық түсімдер ауыл бюджетінің еншісіне өтті. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру арқылы ауыл әлеуетін арттыру көзделді. Бұл дегеніміз – елді мекендерде кәсіпкерлік субъектілер санын арттырып, салықтан түсетін қаржыны ұлғайтып, қордаланған мәселелерді шешудің ұтымды мүмкіндігі. Сондықтан, өткен жылы салық түрлерін үздік жинаған ауылдық округтерді сараладық...

Ауданда дербес бюджеті бар 9 ауылдық округ пен 2 кент бар. Олар жергілікті қоғамдастық кеңеспен ақылдаса отырып, салықтан түскен қаражатты ауылдың қажетіне жаратуға құқылы. Бірақ олардың жиған-тергені ауылдың барлық қажеттілігін қамтамасыз ете алмасы анық. Өйткені, кей ауылдарда әлі де болса салық төлеуге немқұрайлы қарайтындар кездесіп жатса, енді бірінде бюджетке қомақты қаржы түсіретін кәсіпкерлер саны аз.
– Салық – ел бюджетіне түсетін кірістің басты бөлігін құрайды. Сондықтан, кез-келген салық төлеуші салық мәдениетін қалыптастырып, талаптарды көрсетілген мерзімде міндетті түрде төлеп отыруы керек. Бүгінде аудан тұрғындарының салық төлеуге деген жауапкершілігі артқан. Мәселен, өткен жылы жергілікті бюджет 105,8 пайызға, яғни, болжанған 2135595,5 мың теңгеден асып, 2261209,2 мың теңгеге орындалып отыр. Бұл – халықтың салық мәдениетінің артқанының бірден-бір көрсеткіші екені даусыз. Алдағы уақытта жұмыс жүйелі орындалса, ауданның экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты жақсаратыны анық, – дейді аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметғали Қасқабаев.
Сонымен, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысымен салық түсімдерін жауапкершілікпен атқарып, көш басында тұрған 5 ауылдық округті атап өтсек.
Көштің басында Ақүйік елді мекені тұр. Ауылдың жылдық жоспары 4850,5 теңге болса, орындалғаны 6041,52 теңгені құрап, 124,6 пайызға артығымен орындаған. Одан кейін 5521,2 теңге түсіммен Аққорған ауылдық округі тұрса, Келінтөбе жылдық жоспарды 5364,43 теңгемен 123,4 пайызбен үздік үштікті қорытындылады. Төртінші орынға Қожакент, бесінші орынға Төменарық елді мекені жайғасты.
Сонымен қоса, Жаңақорған және Шалқия кентінің белсенділігі жоғары екенін айту қажет.
– Бүгінде ауыл әкімдерінің салық түсімдерін өздері өндіретіні белгілі. Бұл – ауыл халқының тұрмыс сапасының артуына септігін тигізетін бірден-бір тетік. Ауыл әкімдерінің көтерер жүгі ауырлағанымен, халықтың тұрмыс жағдайы артатын болды. Өйткені, дербес бюджетке жиналған қаржы жергілікті қоғамдастық кеңеспен бірлесе отырып елді мекеннің қажетіне жұмсалады. Нәтижесінде, ауыл халқымен ақылдаса біткен шаруа көптің көңілінен шығатыны ақиқат, – дейді Ақүйік ауылдық округінің әкімі Әскербек Мұсаев.
Айта кетейік, өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдері, аппарат қызметкерлерінің бюджетті жоспарлау және бюджет шығысы, салық төлеу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша біліктілігін арттырған. Оларға коммуналдық меншік және дербес бюджет енгізу бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде 7-8 мәрте дербес бюджетке қатысты ауыл әкімдері арнайы мамандардан қаржылық есеп-қисаптың қыр-сыры мен ұйымдастырушылық және құқықтық біліктілігін арттыруға байланысты дәрістерге қатысты.
– Төртінші деңгейлі бюджетке көшіп, салық жинауды өз қолымызға алдық. Салық жинау оңай шаруа емес. Тұрғындардың бірі салық төлеуге міндетті екенін түсінсе, енді бірі оны маңызды санамайды. Сол себептен, кей күндері бір тұрғынға түсіндіру үшін бірнеше мәрте баруға тура келеді. Халық салыққа төлеген ақшасы қайтадан өздеріне қайтатынын түсіне бермейді. Атқарылған жұмыстардың ауқымына қарай жиналған қаражат ауыл кәдесіне жаратылатынын түсінетініне сенемін, – дейді Аққорған ауылдық жетекші округінің маманы, салықшысы Шамшиев Талғат.
Аққорғандық салық жинаушының пікірінен соң, шын мәнінде тұрғындар салық төлеуге қаншалықты жауапты екенін білмекке орталыққа шығып, тұрғындардан сұрап білдік.
Бірі – салықты уақытылы төлейтінін айтса, енді бірі – «Салық рақымшылығы» көлік иелеріне де беріле ме?», – деген сауалын өзімізге қойды.
– Мәдениеті жоғары елдің қашанда мәртебесі биік. Сондықтан бізге кез-келген салада мейілінше мәдениетті сақтау керек. Әсіресе, салық мәдениеті маңызды. Менімше, ешкім қарызын төлемей, заңды белшесінен басып жүре алмайды. Салық мәдениеті қалыптасқан адам міндетті түрде салық түрлерін уақытылы төлеп отырады, – деді кент тұрғын Салтанат Мұхтарова.

Р.S.: Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлем. Яғни, қазына Сіз бен Бізден түсетін салықтар есебінен толығады деген сөз. Ендеше, салыққа салғырт қарамайық, ағайын!

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
26 қаңтар 2019 ж. 1 145 1

Гость Jeahulalf от 21 ақпан 2019 12:24
Zithromax Pack Cialis Posologia vendo cialis original generico Kamagra Oral Jelly Test Priligy Sin Receta Andorra Viagra Y Ciclismo