Салықты ең көп жинаған 5 ауыл

Өткен жылдан бастап, ауыл әкімдеріне дербес бюджет берілді. Олар салықтың бірнеше түрінен жиналған қаржыға өздері иелік етуде. Соның арқасында ауылдағы ағайын енді елді мекеннің біршама кем-кетігін өздері түгендейтін мүмкіндікке ие болған. Жиналған қаржы Қоғамдық Кеңестің ұйғарымымен керегіне жұмсалады. Сонымен қоса, жұмыс сапасы мен барысын ауыл халқының өздері қадағалайды.
Сонымен, өткен жылы салық жинаудан көш бастап тұрған – Шалқия кенті. Кент салыққа 6237,1 мың теңге түсім жасаған. Екінші орында 6041,5 мың теңге жинаған Ақүйік ауылдық округі. Ал, Аққорған 5521,2 мың теңге түсіммен 3-орынға жайғасса, Келінтөбе төртінші, Қожакент 5-орында.
Пікір 2