Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚУАТТЫ БИЗНЕС – ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

ҚУАТТЫ БИЗНЕС – ЭКОНОМИКА ТІРЕГІ

   2018-2021 жылдары Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланып, шағын және орта бизнесті дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Енді облыс әкімінің тапсырмасына сай аудан-ауылдардың ерекшелігіне қарай кәсіпкерлікті дамыту жұмысы жүйеленуде. Бұл бойынша Жаңақорған ауданында тыңдырымды тірліктер, ілкімді істерді көруге болады. Яғни, кәсіпкерлікке тіркелу, белсенді. Кәсіпкерлік жөнінде облыста көш бастап тұр. Мұны Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов «Мемлекеттік жекешелік әріптестік – Бизнестің өрісті жолы» атты бизнес форумында айтты. Өңірдегі екінші деңгейлі банк филиалдарының жауапты қызметкерлері мен бизнес қауымдастық өкілдерінің басын қосқан шарадан кейін сала басшысын әңгімеге тартқан едік.

  Дамыған елдерде шағын және орта бизнес ірі кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста қызмет етуі қалыптасқан. АҚШ, Жапония, Сингапур сынды елдерде өз ісімен айналысатын азаматтар, яғни, кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Себебі, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделіп, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Осыны ескерген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, 2050 жылы кем дегенде 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Ал, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен республика бойынша Қызылорда үздік облыстың бірі.
  – Қазіргі күні облыста 51 345 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген болса, оның 85 пайызы (43 681 бірлігі) жұмыс жасайды. Онда 93 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінде Жаңақорған ауданында жұмыс жасаушы кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 97 пайызды құрап, аудандар арасында алдыңғы қатарда келеді, – дейді Фердоуси Әбілқасымұлы.
Бізді қызықтырғаны, жұмыссыздар санын қысқартудың жолы еді. Сондықтан сұрақты осы бағытқа бұрдық.
Сала басшысының сөзінше, жұмыссыздықты қысқартуда шағын және орта бизнес шешуші рөл атқарады. Ал, кәсіпкерлік саласын дамытуда мүмкіндіктер көп. Мәселен, кәсіп бастауда немесе кеңейтуде қаржы институттарынан қаржы тартуды тиімді пайдалану маңызды.
  – Қаржылай қолдау бағыты бойынша, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар ұсынылады. Екіншісі, ауылдық елді мекендер мен қалалық жерде шағын несиелер беріледі. Үшіншісі, екінші деңгейлі банктер арқылы тұрақты бизнестерге берілетін несиелерді алуға болады. Биылғы жылы қайтарымсыз гранттар беру бағытына жалпы 10 млн. теңге бөлінген. Қосымша республикалық бюджеттен жастардың жаңашыл жобаларын қаржыландыруға 21 млн. теңге қарастырылды. Өздеріңіз білесіздер, бұл қаражаттар кәсіпкерлерге конкурстық іріктеу негізінде ұсынылады. Биылғы жылы конкурстық іріктеуді мамыр айында өткізу жоспарланып отыр, – деді Фердоуси Қожабергенов.
2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында шағын несиелер беруге республикалық бюджеттен елді мекендерге – 3 210,9 млн. теңге, Қызылорда қаласына – 299,5 млн. теңге қаржы қаралды. Одан бөлек, облыстық бюджеттен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымының» ЖШС 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 105 жоба несиелендіру үшін мақұлданды. Осы шағын несиелерді кәсіпкерлерге үйлестіруде жобалардың басым бөлігі осы Жаңақорған ауданымен ұсынылған екен.
– Тұрақты бизнесті екінші деңгейлі банктермен несиелендіруде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылға 1 млрд. теңге қаржы қаралды. Қазір облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы құны 978 млн. теңгені құрайтын 28 жобасы бағдарлама аясында субсидиялауы мақұлданды. Ал, кепілдік шарты жалпы құны 260,3 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға жасалынды. Бұдан бөлек, қазіргі күні «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 282 млн. теңгені құрайтын 3 жоба несиелендіру мақұлданды. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсібі, жиһаз өндірісі және туризм саласы бойынша бір-бір жоба. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктермен жалпы құны 820 млн. теңгеге 5 жоба қаралуда, – деді басқарма басшысы.
Оның сөзінше, тек мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау шаралары ғана. Бұдан бөлек, облыста әкімшілік кедергілерді азайту бағытында жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындарды кәсіпкерлік саласына ынталандыратын әртүрлі деңгейдегі форумдар, семинарлар, көрме-байқаулар, тренингтер өткізілуде.
– 2018 жылы аймақ басшысы шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Кәсіпкерлер үйі» ашылды. Онда кәсіпкерлікке қатысты барлық мекемелер біріктіріліп, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсету тегін жүргізіледі. Оның әрбір ауданда мамандары бар. Жалпы, құрылыс, әлеуметтік сала (денсаулық, білім және т.б.), ветеринария, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және т.б салада қолдаулар бар. Тек тұрғындардан тәуекелшілдік пен белсенділік қажет, – деді Ф.Қожабергенов.
Бір сөзбен айтқанда, елдегі шағын және орта бизнестің экономиканың біріктіруші және тұрақтандырушы күшіне айналдыру бағытында Қызылорда облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оған әрбір қызылордалық белсенді қатысып, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосуына мүмкіндігі мол.
03 мамыр 2019 ж. 1 166 0