№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПТІҢ БАСЫ – БИЗНЕС-ЖОСПАРДА

КӘСІПТІҢ БАСЫ – БИЗНЕС-ЖОСПАРДА


Шағын және орта бизнесті дамыту үшін азаматтардың белсенділігі мен іскерлігі маңызды. Ал, кез-келген азамат белгілі бір бизнесті бастауы үшін жан-жақты жоспарланған бизнес-жоспары болуы тиіс. Өйткені, табыстың кілті – бизнес жоспарда. Жалпы, бизнес жоспарды қалай жасайды? Неден бастау керек? деген сауалдың жауабын аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры
Марлен Нұртазаевтан білдік.
Жалпы, бизнес-жоспар – кәсіпті нық бастап, оның табысын арттыру жолындағы негізгі құжат. Бизнес-жоспарды жасау – біріншіден, болашақ кәсіпорынның немесе жобаның барлық негізгі қырларын сипаттайды. Екіншіден, жоспардың барлық проблемаларына талдау жасайды. Үшіншіден, анықталған проблемалардың шешу жолдарын қарастырады. Демек, дұрыс жасалған жоспар қолға алынған кәсіптің ақша салуға лайық па, ол шығындардың орынын толтырып, пайда әкеліп не әкелмейтіндігін саралайды..
Бүгінгі таңда бизнес-жоспарды жасау электронды түрде жүзеге асатын болған. Яғни, өз кәсібін ашқысы келген кез-келген азамат бизнес жоспарға ғаламтор арқылы тапсырыс береді.
– Қазір барлық кәсіпкерлік палаталарында штаттың қысқаруына байланысты бизнес-жоспарды жасау электронды нұсқаға ауысқан. Бұрынғыдай жоспарды біреу жасап бермейді. Барлығы электронды түрде жүзеге асады. Ғаламторда «Атамекен SERVICES» деген сайт бар. Азаматтар осы сайт арқылы бизнес-жоспарға тапсырыс береді, – дейді Марлен Нұртазаев.
Оның айтуынша, сайттағы сұрақтарға жауап беріп, өзінің жеке мәліметі мен бизнес-жоспарға сұраныс қалдырған азаматқа кеңесші қайта хабарласып, оның бизнесі туралы түсіндіреді. Сұраныс қалдырылғаннан кейін 3 күн мен екі апта аралығында дайын болған бизнес-жоспар интернет арқылы келеді. Азаматтар сол жоспар бойынша өз істерін одан әрі жалғастырады.
– Бізге бизнес бастауды жоспарлап келген азаматқа кеңесші көмек беріп, оның қай бағытта бизнес бастағысы келіп отырғанын анықтаған соң, өзі қолға алғалы отырағн бағыты бойынша бизнес-жоспарға сұраныс жібереді. Дайын жоспар келген соң, біз ол азаматқа бағыт-бағдар беріп, несие рәсімдеуіне көмектесеміз, – дейді кәсіпкерлер палатасының басшысы.
Оның сөзінше, аудандағы бизнес-жоспар жасаушы азаматтардың 60 пайызы мал бордақылау бағытындағы жоспарды жасайды екен. Ал, қалған 40 пайызы шаштараз, монша, жүк тасымалы және т.б. бағытта өз кәсіптерін дөңгелетуге ынталы.
Иә, кәсіптің көзін тапқанның несібе-ризығы артары анық. Бастысы, өзінің бастағалы отырған ісін жеті рет өлшеп, бір пішіп нақты жоспарын жасап алса болғаны.

Айсұлу АЛАНАЗАР.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 801 0