№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОНЛАЙН САУДАНЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ

ОНЛАЙН САУДАНЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ



Бүгінде әлемдегі төрт үлкен трендтің бірі – интернетте сауда жасау тәсілі. Дамыған елдерде қара базардың күні өтіп бара жатыр. Бір ғана, АҚШ жастарының 80 пайызға жуығы интернет арқылы сауда жасап, әрі осы онлайн-бизнес өзінің кәсібін дөңгелетіп жүр. Ал, елімізде ғаламтор арқылы сауда жасау, бизнес ашу ұғымы енді қалыптасу үстінде. Ал, Жаңақорғанда сауда алаңы бар бірде-бір сайт жоқ. Есесіне, «Инстаграм» желісін игілігіне икемдеген жастар көп. 2000 жылдары үйде отырып, пиццаға тапсырыс берушілерді шетелдік кинолардан көретінбіз.

Араға 20 жыл салып, жаһандық үдеріс ауылға да жетті. Қазір кент орталығында «Инстаграм» парақшасы арқылы италяндық пицца мен сушидің сан түрі, қуырылған тауық етін, дөнерді ыстықтай тапсырыс беруге мүмкіндік мол. Мұндай орталықтары саны оннан асады. Тапсырыс көлемі 2000 теңгеден асса үйіңе дейін жеткізу тегін. Бұдан бөлек, жаңақорғандық жас кәсіпкерлер желіден; балалар киімі, компьютерлік қызмет, фотомозайка, киімге ерекше есімдер жазу қызметі, кондитерлік тәтті өнімдер, қолөнер бұйымдары, косметикалық өнімдер саудалайтын 30-дан астам парақша тіркелген. Мұның барлығын электронды сауда деп айта алмаймыз. Өйткені, есептесу тәсілі қолма-қол ақшамен, яғни, онлайн жүйе арқылы банктік картаға аудармайды. Десе де, келешегі сайт нұсқасына қадам басып, қалыптасары сөзсіз. Бір жағынан, ІТ-технологияны меңгерген smm-ші маман тапшы ауданда. Соданда болар, интернеттен сайт ашудан бөлек, оны жүргізіп отырудың өзі үлкен қызмет.
Осы тұста, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа салық кодексіне сай, электронды сауда жасайтын кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдік қарастырды. Жаңа кодекстің жай-жапсарын білмек мақсатта Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аида Әмірбекованы сөзге тарттық. Оның айтуынша, жаңа өзгеріске сай интернет-дүкендер мен интернет-алаң арқылы сауда жүргізетін заңды тұлғалар корпоративті табыс салығынан, ал дара кәсіпкерлер жеке табыс салығынан босатылады.
– Елімізде интернет сауда арқылы табыс тауып отырғандардың саны күн артып келеді. Бұл өз кезегінде қаржы және уақыт үнемділігіне тиімді. Ендігі кезекте мемлекетте осы салаға үлкен қолдау көрсетуді қолға алды. Ол үшін электронды алаңда сауда жасайтындар табыс салығынан жеңілдік алу үшін үш шартты сақтайды. Бірінші, есеп айырысу қолма-қол төлемсіз жүргізіледі. Екінші, сатып алушымен келісім онлайн тәртіпте жасалуы керек. Үшіншіден, кәсіпкердің тауарды тасымалдауға, салып жіберуге және жеткізіп беруге құзыретті өз қызметі болуы керек. Немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғамен келісім шарты болуы тиіс. Бұл талаптар кәсіпкерге интернет алаңында өз бизнесін заңды жүргізуге мүмкіндік бере отырып, сатып алушының да мүддесін қорғауды көздейді – дейді басқарманың бас маманы.
Сондай-ақ ол жеке тұлғалармен жасалған электрондық саудада тапқан табысы жылдық жиынтық табыстың 90 пайызынан кем болмауы тиіс екенін жеткізді. Оған қоса, Аида Әмірбекова электронды саудамен шұғылданатын кәсіпкер аталмыш жеңілдіктерді пайдалану үшін жеке кәсіпкер не заңды тұлға ретіде тіркеуде тұруы керектігін мәлімдеді.

ЖАҺАНДЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ЖАҢАША ЛЕБІ

Электронды сауданың әлемдік нарықтағы әлеуетіне тоқталсақ. Дамыған елдерде бұл үдеріс келешекте дәстүрлі сауда саласын түбегейлі өзгертеді деп күтілуде. «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшыларының мәліметінше, «Alibabа Group» компаниясының жылдық табысы 15 млрд АҚШ долларын құраса, «eBay» табысы 8,5 млрд АҚШ доллар, «Amazon» сауда айналымы 107 млрд долларға тең екен. Ал, Қазақстанда электронды сауда дегенде банктік транзакциясыз жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтер түсінігі қалыптасқан. Негізі әлемдік тәжірибеде онлайн саудада электронды қаражат айналымы, ақпарат алмасу, сақтандыру қызметі, банкинг, маркетинг жүйесі кіреді. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде 1000-нан астам интернет дүкен бар. Жаңашыл жүйені игілігіне пайдаланушылар арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. Екінші Астана, үштікті Қарағанды қорытындылаған. Осылайша, интернеттің мүмкіндігін пайдаланған тұтынушылар уақытын үнемдеп, ауылда отырып сауда жасауда. Белгілісі, Қазақстанда электрондық коммерция өнімдерін жеткізу көлемінің 70 процентін «Қазпошта» АҚ-ның үлесі құрайды. Онлайн сатып алушылар 18-34 жастағы азаматтар болып табылады екен.
Осы орайда, жаңақорғандық тұрғындар интернет арқылы қандай заттарға жиі тапсырыс беретінін білдік. Аудандық пошта байланысы торабының, жылжымалы почта байланысы бөлімшесі мамандарының айтуынша, көбіне косметикалық өнімдер, киім-кешек, тұрмыстық заттар жиі келеді екен. Негізі интернет арқылы тапсырыс берушінің заты пошта торабына түсісімен, мамандар тапсырыс берушінің телефонына хабарлама қалдырады. Соңыра, сол хабарламадағы анықтама бойынша пошта бөлімінен алып кетеді.
Түйіндей айтқанда, жаһандану үдерісінде ғаламтор игілігін пайдаланып, бизнесті бәсекеге бейімдесек әлемдік нарыққа шығатында мүмкіндік туады. Яғни, электронды сауда-саттық – бүгінгі күннің белесі. Бағындыра білсеңіз, бұл кең жолақты интернет сіздің де кәсібіңізге жарап қалады.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
19 ақпан 2019 ж. 1 243 2

Улдана от 29 сәуір 2019 01:15
Сауда саттыктын заманга сай даму улгиси

Улдана от 29 сәуір 2019 01:16
Оте керемет