№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Клининг кәсіпкер болғыңыз келсе....

Клининг кәсіпкер болғыңыз келсе....


Жеке кәсібін ашуды, өз уақытын өзі басқаруды қалайтын жандардың қатары артпаса, кеміп отырған жоқ. Бүгінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» секілді оқыту курстары өңірлерде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мысалы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренинг көрсеткішіне назар аударар болсақ, 2018 жылдың 1-тоқсанына «Бизнес–Кеңесші» курсы бойынша 594 адам білім алған, ал «Бизнес–Өсу» курсына 50 адам қатысқан
.
Сонымен қатар 2 ай мерзімін қамтитын жобалық оқыту курсынан 38 адам өткен. Бұл көрсеткіште үш ай ішінде білім алған азаматтар иә болмаса, кәсіпкерлік саладағы білімін жетілдірген бизнес иелерінің ынтасы айқын көрінеді. Кәсіпкерлік негіздері туралы білім алуға келген азаматтардың көбі бизнес-идеяны курстан өту барысында ойға алады. Осы ретте бастапқы қаражаты мен тәуекелі аз жобалардан алатын тәжірибе мол болатындығын ескерген абзал. Елімізде сауда және қызмет көрсету салалары кеңінен қолға алынып келеді. Жұмысқа орналастыру қызметі, түрлі жеке қызмет көрсету салаларының даму қарқыны бар. Айталық жұмысқа орналастыру қызметі 2017 жылдың 1-тоқсанында 2016 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 33,6%-ға артқан. Ал түрлі қызмет көрсетуде 39,7%-ға жоғарылаған. Бұл қызметтің ішінде тазалау, жуу, яғни клинингтік қызмет те бар. Кәсіпкерлікте клининг қызметінің түрлері қандай, оны ашу үшін не қажет, қалай бастау керек деген сауалдарға жауап іздеп көрелік. Клинингтік қызметті бастау үшін төмен мөлшерде қаражат пен тазалау жабдығының аз көлемі ғана қажет. Алайда клинингтік қызметті жолға қойғанда арнайы жабдық, орынжай мен жұмысқа қабілеті жоғары мамандар қатары қажет болады. Мұндай компанияға салынатын қаражат көлемі де ауқымды. Клинингтік компаниялардың 3 түрі бар: бірі пәтер мен кеңсе тазалауға бағытталса, екіншілері коммерциялық жылжымайтын мүліктерге күн сайын қызмет көрсетуді қолға алады. Ал енді бір компаниялар қызметтің бір ғана түрін таңдайды, мысалы кілем жуу, киімдерді химиялық тазалау қызметін ұсынады. Компания үлкейген сайын, оның көрсететін қызмет түрлері де артады. Клининг саласында бизнес бастаудың екі тәсілі қолданылады. Біріншісі – нақты бір клиентке арнап бастау. Мысалы сауда орталығы немесе басқа да бір ірі нысанның тазалау жұмыстарына келісіп, жаңа кәсіпті батауға болады. Мамандар қатарын жасақтап, тиісті жабдықтарды алғаннан кейін уақыт өте келе тәжірибе жинақталады. Одан кейін тапсырыс берушілердің қатарын арттыруға болады. Сонымен қатар бір ғана бағытта қызмет көрсету, айталық кілем жуу, еден тазалау секілді түрлерін ғана таңдау арқылы мамандану. Шағын компания бірнеше тәірибелі маманмен заманауи тазарту құралдарын пайдала отырып қызметтің бір ғана түрін көрсетеді. Жауапкершілік пен адал қызмет ету тұтынушылар қатарын арттырмай қоймайды. Клинингтік компанияға арнайы кеңсе қажет емес. Тапсырыс қабылдау үшін телефонға жауапты адам болса болды. Уақытылы тапсырыс қабылдап, жұмысшыларды жөнелтіп отырса жеткілікті. Әрине, кеңсесіз фирманы елестету қиын. Уақыт өте келе тұтынушылар қатары көбейген соң, қызметкерлердің қатары да, қолданатын заттар да артады. Сол уақытта жайлы әрі қолайлы орын іздестірген абзал. Ал клиент қатары қалай көбейеді? Көптеген компаниялар бастапқы тапсырысты таныстары арқылы алады. Бұл расталған. Ең тиімдісі ауқымды нысаннан тапсырыс алу. Ара-тұра түскен тапсырысқа қарағанда күнделікті қызмет көрсету бизнестің тұрақтылығы мен дамуына кепілдік береді. Ал жай ғана жарнама беру арқылы тұтынушы табу бұл салада тиімсіз. Себебі қызмет көрсету сапасына қарай клиенттер біріне бірі ұсынады, осылайша сіздің қызметіңізді сатуға көмектеседі. Қызметкерлер қатары. Клинингтік компанияда көп жағдайда менеджер, диспетчер мен тазалаушы мамандар болады. Ал бухгалтерді қосымша жалдауға болады. Енді бастаған кәсіпте директор маман таңдаумен, ұйымдастырумен, тапсырыс қабылдаумен өзі айналысады. Сауалнама жүргізеді, құжаттарды реттейді, тіпті бухгалтерлік есепті де өзі жүргізеді. Бұл тәжірибенің бизнесті дамытуға көмегі зор. Менеджер тазалаушылардың қызметін бақылап, химиялық құралдардың пайдаланылуын қадағалап, жұмыс сапасына жауап береді. Ал тазалаушылардың қатары тапсырысқа байланысты. Нысан неғұрлым үлкен, жұмыс та көлемді болған сайын көп қызметкер жалдауға тура келеді. Клинингтік қызметте қолданылатын құрал-жабдықтар. Пәтер, кеңсе тазалауға тапсырыс берушілер гипоаллергенді заттардың болғанын қалайды. Үй жануарларын асыраушылар арнайы иіс кетіретін, тазартатын құралдарға тапсырыс беруі ғажап емес. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сапалы құралдарды қолданған абзал. Бұл ретте нарықты зерттеп алған абзал. Тіпті клининтік қызмет көрсететін компаниялармен хабарласып, олардың қызметін пайдаланып көру де жұмысыңызды реттеуге көмектесері анық. Сонымен қатар мамандарды оқытып, қай жұмысқа қандай химиялық затты пайдалануды білетіндей деңгейге жеткізу – табысты бизнестің салымы. Клинер тапсырыс түріне қарай қолданылатын құралдарды өзі біліп, таңдап, орынды істей алатын дәрежеге жетуі керек. Клининг саласындағы кәсіби жуғыш құралдар, әрине шетелдік өнім. Бұл кәсіпке бет бұрсаңыз кір сабын мен қарапайым дизинфекциялық құралдар жарамайды. Әр жабындының (жұмсақ жиһаз маталары, еден, қыш тақта, ағаш, әйнек т.б.) өзіне тән жуғыш құралы болады. Құралдарды мен химиялық заттарды бір бірімен араластыруға болмайды, өйткені тапсырыс берушінің мүлігін бұлдіріп алуыңыз мүмкін. Бұл салада көш басында және Қазақстанда аса танымал германиялық Kärcher компаниясын айтуға болады. Kärcher жуу құрылғылары мен заттары автокөліктен бастап үй ішін тазалауға арналған. 

04 сәуір 2018 ж. 1 201 0