№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАПОНИЯ: БИЗНЕСІ ДАМЫҒАН ОЗЫҚ ЕЛ

ЖАПОНИЯ: БИЗНЕСІ ДАМЫҒАН ОЗЫҚ ЕЛ

   Жаһанның бәсекеге қабілетті елдерін сараптағанда бизнес секторының бәсекеге қабілетілігі есепке алады. Себебі, қуатты бизнес – экономиканың тірегі. Бұл бағытта Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Үкіметке 2050 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесін 50 пайызға жеткізу міндеті қойылды. Бүгінгі таңда елдегі 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпорындар саны 13,7 пайыз болса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 1000 тұрғынға 30-50 шағын кәсіпорыннан келеді. Ал, ШОБ-та жұмыс істейтін барша еңбекпен қамтылғандары Қазақстанда –31 пайыз, АҚШ-та–53 пайыз, Жапонияда – 71,7 пайызын құрайды. Бұл 2017 жылғы статистикалық көрсеткіш. Байқағандай, әлем елдеріндегі пайыздық үлес бізге әлі де болса мемлекеттік қолдау шараларын бірнеше есе ұлғайту керектігін айқындайды. Хош.
   Біз бүгін көлігін мініп, компьютерін қолданып жүрген жапондықтардың бизнес аурасына бет бұрамыз. Күн шығыстағы Жапония шағын және орта бизнестің даму қарқыны бойынша әлемде көш басында. Сондықтанда озық үлгінің керек тұсын түртіп алып, тарқата айтқанды жөн көрдік. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Жапония әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-бір себепкер болған нәрсе – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Бизнесті қолдау арқылы қираған елден жоғары тех­нологиялық дамыған елге айналды. Елдегі дәстүр бойынша әрбір ірі кор­порация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне өндірісті өнімнің 50 пайыз, көтерме сауданың 60 пайызы кіреді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындардың сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Яғни, мем­лекеттік орган шағын кәсіпорынға құрал жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге де­ген сұранысты ұлғайтуға қолдау көрсетеді. Елдегі бизнесті мақсатты түр­де бюджеттен қаржыландыруды, әрбір министрлік пен ведомоство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсайтын қаржыны кіргізеді. Кәсіп­орындар жеңілдетілген салық мөл­шерлемесін қолданады. Қазіргі таңда Жапония шағын және орта кәсіп­орындар бойынша жалпы ұлттық өнім­нің 73 пайызына ие болып отыр.
Күншығыс елінің тұрғындары не­гі­зінен қалалық іспен айналысады. Яғни, қалалық кәсіпорындарда жұмыс жасайды. Білім өте жоғары бағаланады. Балалары 5 жастан бастап ғылымды зерттей бастайды. Егер ғылыми айналымға енгізіп, инновациялық жаңа­­лықтар тапса, мемлекет тара­пы­нан тағы да қолдау шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ зерттеу дерегіне сүйенсек, мұнда шағын және орта биз­нес кәсіпорындарының маңызды эко­номикалық рөлі бар. Өйткені кәсіпорындардың үлесі 95 пайыздан асады. Несие кооперативтері ШОБ-ты қаржыландырумен айналысады. Жалпы ШОБ барлық жапондық ком­паниялардың 99,7 пайызын құрайды. Бұл сектор елдің жұмыспен қамтылған халық санының 66,2 пайыз-ын құ­райды.
Енді қандай бизнес түрлері жақ­сы дамыған дегенге келсек. Кө­бі­не кішігірім кәсіпорындар бөлшек, қоғамдық тамақтану, қызмет көр­сету, құрылыс және машина жасау саласында жұмыс жасайды. Мен­шік нысандарына сай, жапон кәсіп­орындарының жартысы жеке, қалғаны отбасылық болып табылады. Оған қоса, Жапонияда кіші кәсіпкердің мәртебесі алғаш рет 1953 жылы заң­мен бекітілген. Ал, 1963 жылы шағын және орта кәсіпкерлік туралы заң қабылданды. Онда ШОБ елдегі нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі болып табылатыны нақтыланған. Негізінен Күншығыс еліндегі кішігірім кәсіпорындардың табысты дамуы – бұл үкімет жүргізіп отырған белсенді экономикалық саясаттың жемісі. Мем­­лекеттік қолдау шаралары көбі­не шағын инновациялық және ын­талы кәсіпкерлерді оқыту деңгейін арттыруға бағытталған. Үкімет қосымша білім алуға ақша бөлсе, шағын компаниялар қызметкерлері үшін арнайы курстар ашады. Соны­мен қатар, Жапонияда ШОБ-ты қаржыландыру мәселесі түрлі мем­лекеттік және жеке меншік маман­дандырылған ұйымдардың арқасында шешіледі. Мәселен, Күн шығыс елінің шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы басым салалардың бірі болып табылатын секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға тіркелген және айналым қаражатын ұлғайту үшін жеңілдетілген ұзақ мерзімді қарыздар ұсынады. Ал, Халықтық Қаржы Кор­порациясы кішігірім кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді микрокредиттерді қам­­­тамасыз етуде. Кредиттік және шағын бизнесті қаржыландыру жөнін­дегі мемлекеттік корпорацияның ассо­­циациясы кәсіпкерлерге жеке қаржы институттарынан тартылған қа­рыздарды өтеу кепілдігін береді. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіптік палата­лары мен олардың филиалдары кә­сіп­керлерге қаржы, салықтар және бухгалтерлік есеп бойынша тегін кеңес береді. Осындай мемлекеттік үлкен қолдаудың нәтижесінде Жапонияның кәсіпкерлік әлеуеті әлемде озық көш бастады.
Қорыта айтанда, Жапония Үкіметі бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерге көмек көрсетудің жаңа нысандарын енгізіп жатыр. Жаңа бизнесті құруды жеңілдету үшін заң қаралып жатыр. Оған сәйкес, бастапқы капиталсыз шағын бизнес ашуға болады. Кепілсіз қарыздар жүйесі дамып, зерттеу жә­не дамыту компанияларына ар­налған салықтық үзілістер кеңею­де. Осылайша, жеңілдетілген мүм­кіндіктердің арқасында Жапо­нияның бизнес секторы одан әрі қарқынды серпін алуда.

Әбдісамат ӘБДІШ.
06 қараша 2018 ж. 3 574 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 05:59
Acheter Du Clomid En Bus Sachet Kamagra Fast cialis Tadalafil Tablets India

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 06:34
Acheter Du Dermipred En Ligne viagra Clomid Avant Combien De Temps Kamagra Pills Paypal Cialis 200mg Pills